Page 271 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
271
араласты. Бірі орыс тілін көбірек, бірі кемірек білсе де, тым құрғанда, оқып отырғанда
орыс кітабын молынан ұғынбайтын қазақ жазушысы бұл күнде жоқ деп айта аламыз.
Сөйтіп, бұлардың отаны - Ұлы советтік Одақ болудың үстіне, халықтың үй-ішілік болмыс,
тірлігі, салты ұлы орыс халқының мәдениетіне түгел туысып, қабысқанының үстіне, әрбір
жеке жазушының өз қара басының да мәдениетті, білімді жазушы боп шығу жолы барлық
тек - төркінімен, тамыр түбірімен ұлы оқытушы - орыс мәдениетіне біте қайнасқан.
Бұл жазушылардың көпшілігін екі тілді жазушы деп айтуға келеді. Олардың өз туған
тілінен басқа, екінші ана тілдері - орыс тілі. Көркем шығармалық еңбекті қазақ тілінде
жазғанымен, олар дүние жүзі әдебиетін, орыс мәдениетін және ескілі-жаңалы мирастары
мол, туысқан елдер әдебиетін де орыс тілінде оқып таниды. Сол себепті әрбір қазақ совет
жазушысының ойында, сезім тілінде, сөйлеу, теңеу, сөз алысып сұрыптау дәстүр
машығында сол орыс кітабынан келген әсерлердің әр алуан түрде, аса мол болатынын
ескермеуге болмайды.
Екінші ана тіліміз - орыс тілі біздің жазушыларды сөздік жағынан болмаса да, сөзден
құрылатын өрнек, образ, сөйлем, стиль жағынан ерекше нәрлендіріп, баулып бастап
отырады. Кейде қазақ тілінде жазып отырған совет жазушысының үлкен нәр - қоры, асыл
азығы қазақ тілінде ғана емес, қайта орыс әдебиет тілінің тәрбиесін, көмегін әлдеқайда
көбірек көргендікті аңғартады. Орыс тілінің бізге осыншалық жақын болуы, екінші ана
тіліміз болып бойға сіңуі - қазақ совет жазушыларының ырысы дейміз. Бұл алуандас екі
тілді болу - Совет Одағындағы барлық туысқан елдер жазушыларының бақыты.
Баяғы замандарда, батыс - славян елдерінде, Орта Азиялық Шығыста екі тілді
жазушы.болса, ол оның қасиеті емес, шарасыздығы, заман соры есепті болып еді. Өйткені
өз халқының тілі емес, бөтен тіл бұны - халқынан аулақтатқан зорлық пен үстемдіктің
белгісі болатын. Және олар өз тілдерін сол бөтен үстем тілдің ықпалына барынша
бағындырып, табындырған еді. Сол амалсыздық күйінен Орта Азия халықтарының көп
ақындары өз тілінде жаздым деген шығармаларының да 60 процент сөздігін араб, иран
тілінен құрайтын-ды.
Олардың шығармалары өз заманындағы қалың еліне де түсініксіз еді.
Ал біздің екі тілді жазушыны алсақ, бұлар ең әуелі сөздігін түгелімен қазақ халқының өз
тілінің қорынан алады. Орыс тілінен алса, халқы, қауымы түгел қабылдап, бойына сіңіріп
алған, өзіндік етіп әкеткен сөздіктен алады. Бұл - бір. Екінші - орыс тілі арқылы орыстың
әдеби тілінің шеберлік, көркемдік сыпаттарын алып, соны өз тілінде қонымды, көрікті
етіп бере білуінде. Бұл - бір әдебиет тілінің екінші әдебиет тілінен үйреніп, өсуінің өзгеше
үлгісі. Бұнда барлық жаңалық үстемдіктен, зорлық ықпалдан тумайды. Жазушының өзінің
ішінен, ішкі интеллектуалдық, эмоциялық жаңаша бітімнен, бар тұлғасының шындығынан
туады.
Сталин жолдастың "социализм бір мемлекетте жеңіп тұрған заманда, мазмұны
социалистік, түрі ұлттық мәдениеттер барынша жетіліп өседі" деген даналық қағидасы,
ұлттық мәдениеттің ең үлкен айғағы етіп, сол әрбір жеке советтік ұлттың тілін ең алдыңғы
қатарға шығарып отыр. Біздің советтік әдебиет тіліміздің өзгеше сапада кең өрістеп,
шалқып өсуіне анық жайлы, тарихтық жағдайдың өзі де осында.
Ұлы орыс тілі сияқты үлгі қордан біздің жазушылар пайдаланғанда, туысқан елдердің
біріне-бірі зор сеніммен, барынша достық тілектермен бауырласып табысуы арқылы
баурайды. Осыған тарихтық, қоғамдық жағдайымыз бір басқа, әр жазушының, жоғарыда
айтқандай, өзіндік ішкі әзірлік тәрбие, мәдениет, нәр - қоры да барынша қостай ілеседі.