Қазақстанның ашық кітапханасы
270
биік болған Ленин, Сталин томдары аударылып, оларды бүгінгі оқушылары өз тілінде
ұғынып, баурап алып отырған жоқ па!
Міне, бұл мысалда Абай, Ыбырайы болмаған елдерде де әдебиет тілінің үлгісі мен іргесі
анық болғандығын, барлығын танытады.
Енді осы айтылғандарға жалғас, қазақ әдебиет тілінің Абайдан кейін өсіп-өнген
кезеңдерін, жолдарын, бүгінгі жеткен шамасын алып сөз қозғағанда, қазақ әдебиет тілінің
шынайы қалыптасқан, халық тілі болған дәуірі қайсы десек, ол, әрине, социалистік
революцияның дәуірі, біздің анық халықтық совет әдебиетіміздің туып, өсіп, дамып келе
жатқан дәуірі.
Абай заманындағы ғылым, техника, философия, социология, саясат - баршасынан қазақ
тілінің сөздігі мүлде құралақан еді. Абайдың сөздігіне орыс тілінен ауысқан атаулар
осыншалық мардымсыз, санаулы, шағын болатын. Қазақ тілінің соңғы отыз жыл ішінде
қаншалық дамығанын сырттай ғана мөлшерлеу үшін, тек ғылымдық атаулардың өзінен
ғана құрылып жатқан сөздіктердің ұшан-теңіз сандарын ғана еске алуға болады.
Осы ретте тіл ғалымдарына орнымен қойылатын үлкен бір талап, сол жеке ғылымдық
атаулардың мол сөздіктерін бастырып шығару шарт еді. Рас, бұл жолда Қазақстан Ғылым
академиясының әзірлеуімен, профессор Н. Сауранбаевтың басқаруымен терминдік
сөздіктер енді-енді шыға бастады. Революциядан бері молайған атаулардан құралған тіл
байлықтарын жинауда біздің одақтас республикалардың бірталайы Қазақстаннан гөрі
өнімді істер істеп, үлкен сөздіктер шығарып жатыр. Мысалы, Арменияда тек
медицинаның өзінен ғана қалыптанған атаулардың саны 18 мың сөз бопты; правоның
атауларынан құралған сөздік 13 мың сөз болып тоқталыпты. Латвияда ғылымдық
атаулардың сөздігі -40 мың сөзден құралады.
Осы алуандас, екі тілді сөздікте туысқан елдерінің бәрінде қалың-қалың томдар боп
шығып жатыр. Тәжік, азербайжан, қырғыз, өзбек тілдерінде сондай сөздіктер үлкен табыс
есебінде туып отырғанын білеміз. Кейбір туысқан елдердің тілін сөздік қоры жағынан
зерттеу революциядан бұрын да едәуір елеулі өріске жетіп қалғаны бар еді. Мысалы,
Пекарскийдің еңбегімен якут тілінің он үш томдық сөздігі ерте кезде шыққан.
Біз мөлшер шамамен топшылап, сенімді түрде байлау етіп, қазақ тілінің де сөздігі өз
дәуірімізде ұшан-теңіз молыққанын айта аламыз. Бірақ сол жаңалық табыстарымыздың
бұл күнде аса қажет болып отырған сөздік томдары тумай келе жатқаны, үлкен өкінішті
жай.
Бірақ, сондай сөздік болмаса да, Ленин - Сталин дәуірінде тәрбиеленген, советтік қазақ
елінің өнерлі ұрпағы, сан саладағы жаңа қауым қайраткерлері өзінің жаңалық сапасын,
толық тәрбиесін танытқанда, социалистік дәуірінің ғылымы, өнер, техникасы өзгерісін
байыған тілі арқылы танытады. Ғылым, техникамен молынан құралданып, басқаша сапада
өсіп келе жатқан буындарымыз білген сөздік қоры кең көлемімен алсақ, ол Абай білген
сөздік қордан сан есе мол екеніне күмән жоқ.
Әдебиет тілін айтқанда, қазақтың совет жазушыларының, ақындарының тілі жөніндегі
мәселе, ең үлкен орын алатын нағыз бас мәселенің өзі екенінде шәк жоқ. Сондықтан біз
бұдан былайғы қазақтың әдеби тілінің үлкенді-кішілі жалпы мәселелерін сөз қылғанда,
қазақ совет жазушыларының бұрынғы қазақ тарихында болмаған өзгешеліктерін алдын
ала ескертіп өтуді қажет деп білеміз. Бүгінгі қазақ совет жазушыларының әзірлік
сатыларын, тәрбиелерін алсақ, жазушылық еңбегіне көпшілігі белгілі мектеп өту, оқу
арқылы келді. Олар орыс әдебиетінің тәрбиесін молынан алып келіп, жазушылық еңбекке