Page 265 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
265
әдеби тіліне қолдану жөніндегі қазіргі айтатын пікірлеріміз ойлану, ойласу ретіндегі
алғашқы адымның бірі.
Қазақтың әдеби тілі жайына келгенде, Сталин жолдастың бұл еңбегіндегі әдеби тілге
арналған пікірлеріне тоқтауымыз керек.
Әдебиет пен әдеби тіл мәселесі - бұл еңбектің Пушкин тілі жөнінде РАПП пен
пролеткульт жайын Марр жүйесімен жалғастыра сынап кеткен жерлерінде ерекше сөз
болып, тамаша пікірлер айтылды. Сонымен қатар И.В.Сталин жолдастың халық тілі көп
ғасырлар бойында құралады, тілдерде тоғысулар болып тұрады, тілдің дамуы базиспен де
байланысты, әрбір тілдің өсу, даму тарихын сол тілде сөйлеген қоғамның тарихи
дамуымен байланыстырып тексеру керек дегені - әдеби тіл мәселесін жалпы тексерушіге
де, қазақ әдебиет тілін зерттеуге де айқын нұсқау болады. Қазақтың әдеби тілі жөніндегі
мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, біздің ұлттық тіліміздің ұзақ тарихы, әсіресе оның
социалистік дәуірде өсуі көсеміміздің данышпандық пікірлеріне кезекті мысалдың бірі
болып табылады.
Буржуазиялық ұлттар саясаты үстемдік еткен кезде, көп елдер тіліне бір елдің тіл
үстемдігі жүріп отыратындығын Сталин жолдас айырып айтады.
Ал социалистік қоғамда бір елдің тілі өзге елдердің тілімен тоғыса табысатын дәуір туды.
Бұл сол елдердің еңбекші халқының өз-өзінің келісімімен, біріне - бірінің туысқандық
түрде болуымен сәйкес болады. Бірінен-бірі жаңалығы мен жақсылықтарын ауысып ала
отырып, барлық бауырлас елдердің тілдері қанаттаса өседі. Және бұрынғы дәуірлерінен
әлдеқайда көркейіп, байып, социалистік мәдениет қорымен тез күшейіп өседі. Соның
нәтижесінде бұрынғы бұратана болған елдердің жеке-жеке мешеу, оқшау тіршіліктері
кезінде жетілмеген тіл мәдениеті социалистік мәдениет дәуірінде тез жетілді. Осы жолмен
өсіп, зор мәдениетке жететін қазақтың тілі де, Сталин жолдас айтатын болашақтағы
зоналық тілге және дүниежүзілік коммунизм заманында орнайтын тілге өз үлесін апарып
қосатын болады.
Сталин жолдас орыстың ұлттық тілі жөніндегі мәселеге келгенде, орыс халқының барлық
классикалық әдебиеті қайраткерлері ішінен Пушкинді ерекше атайды, бұнда өзгеше мән
бар. Бұл Пушкин мұрасының оқшау өзгешеліктерінен туады. Феодалдық құрылыс кезінде
жасаған Пушкин - кейін Россиядағы капитализм дәуірінен өтіп келіп, социализм дәуіріне
барлық асыл қазынасымен, кең қанатты қалпымен түгел жеткен, дана жазушы. Сталин
жолдас Пушкин тілінің жүйесі, грамматикалық құрылысы, негізгі сөздік қоры, барлық
елеулі жағынан алғанда, бүгінгі орыс тілінің іргесі есепті болып отыр дейді. Әрине,
бірқатар сөздерінің ескіріп қалғаны бар, бірталай сөздерінің мән-мазмұны өзгергені бар,
сонымен қатар ұлы халықтың ғасырдан аса тарихымен бірге жасап келе жатқан қасиеті
тағы айқын.
A.M.Горький: "Пушкин бізге халық тілін қалай қорытып пайдалануды көрсетіп кетті",-
дейді. Анығында, Пушкиннен кейінгі дәуірдегі орыстың әдеби тілі - әдебиеттенген халық
тілі. Оның сөз байлығының өзі де ұшан-теңіз мол еді. Пушкинді зерттеушілердің бір есебі
бойынша, оның сөздерінде он бес мың жеке сөз барлығы анықталған. Пушкин тілінің
мұндайлық молдығы оның ерекше талантына, кең білгірлігіне байланысты болса, екінші
жағынан, әсіресе өз халқына және халқының тіл, ой қазынасына біте қайнасқан
жалғастығынан туған. Пушкин - көп жанрда жазған жазушы. Мүмкін, ол бір ғана поэзия
түрінде жазған болса, жаңағыдай бай сөз қоры мұраларына толық жиыла қоймаған да
болар еді. Пушкинде поэзия, көркем проза, сын мақала, тарихтық еңбек, хаттар, тағы
талай ұсақ түрлі жазу үлгілері бар еді.