Қазақстанның ашық кітапханасы
264
жазады. Көбінің қазақ әдебиет тілін білуіне күмәнің де зор. Тарих - бар ғылымның анасы
саналады. Аналық тілін білмеген анада қаншалық қадірлі қасиет болар еді?
Тарих ғылымы - марксизм-ленинизм ғылымының үнемі иық сүйесіп отыратын, ең жақын
ғылымының бірі. Ендеше, тарихшылар еңбектері - халқымыздың салт-саналық тәрбиесіне
ең зор эсер ететін идеялық құралының бірі. Олай болса, қазақтан шыққан тарихшылар
Ленин, Сталин томдары қазақ тілінде жетіп отырған Советтің қалың халқына өз тілдерінде
сол үгіттік, тәрбиелік еңбектерін жазбауға бола ма? Қайта олардың кейбір диссертациялық
еңбектерін, ең алдымен, қазақ тілінде жазуды шарт етіп қою да анық орынды, орайлы
шараның бірі болар еді.
Ұлы көсеміміз Сталин жолдастың тіл жөніндегі ғылымдық, терең, әрі зор мәселеге өз
ойымен, еңбегімен атсалысып араласуы және сол еңбегінің нәтижесінде тіл ғылымына
дүниежүзілік, дәуірлік жаңа басшылық ой қосуы халықтың тілін ерекше қадірлеп ,
сүйгендігінен деп білеміз. Сталин жолдастың даналық ұлы ойларынан осы жолда үлкен
басшылық алумен қатар, қазақ әдебиет тілін көркейту жолында сол ана тілімізді Сталин
жолдас үйреткен үлгіде сүйіп, қадірлеп еңбек ете білейік.
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ ТІЛІ ТУРАЛЫ
Марксизм-ленинизм ғылымының өзге ғылымдардан артықшылығы - оның өмір
шындығына, тарихи шындыққа табан тіреуінде. Ол бүкіл адам баласын бақытты
болашағына бастайтын ғылым екендігін ғасырдан аса дәурен ішінде нақтылы
нәтижелермен танытты. Бұл ғылымның осы қасиетін біз В.И.Ленин, И.В.Сталин
еңбектерінен сан рет тану, білумен келеміз.
Заманды бастағандай, тарихтарды, халықтарды жаңғырта өсірген даналық ойлары біздің
ұлы көсемдеріміздің әр дәуірде жазған ғылымдық еңбектерінің өзінен туатын. Сол
қатардағы дәуірлік зор, тың еңбектің бірі - Сталин жолдастың "Тіл тану ғылымындағы
марксизм жөнінде" деген шығармасы. Дау жоқ, ұлы көсемнің базис пен қондырма
жөніндегі, социалистік қоғамның даму заңдарының өзгешеліктері жайындағы ойлары, тіл
мен базис арасындағы жалғастықты шешкен және тіл мен ой арасындағы жайды ашатын
пікірлері, социализм дүние жүзіне жеңіспен тараған кезге шейін ұлттық тілдердің өсу
заңдарын ашуы, социализм дүние жүзінде жеңген дәуірде тілдердің қалай қалыптасуы
жөнін баяндаған пікірлері - бұл еңбектің марксизм-ленинизм ғылымын жаңа сатыға
шығарғандығын танытты.
Бұл еңбек, ең алдымен, дүниежүзілік империализмнің кертартпа, топас үгіт - өсиеттеріне
де философиялық тұрғыдан қатты соққы береді және бізді империалистік реакцияға қарсы
күреске қаруландырған, бекем құралдың бірі болып отыр. Сондықтан да қазіргі күнде
тілшілер, философтар, тарихшылар, әдебиетшілер және неше сала табиғат ғылымдарының
қайраткерлері Сталин жолдастың еңбегін зерлеп оқып, терең ұғынып, қолдану жолында
еңбек етіп келеді.
Бұл мәселенің бірінші кезеңі - сол еңбекті ұғыну, түсіну сатысы болса, енді сондағы
пікірлерді ғылымның әр саласында, творчестволық түрде қолданып, пайдаланып, соның
жемісін ғылымдық іздену жолына жұмсау кезеңі басталды.
Қазақтың әдеби тілі жөнінде И.В.Сталин еңбегін творчестволық түрде пайдаланамыз
деген талабымыз - сол жаңағы айтылған жолдағы іздену талабы. Бұл еңбекті қазақтың