Page 263 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
263
арасында ақынның кей жолының соңына ноқат қою керек пе, көп ноқат қою дұрыс па,
немесе ноқат пен үтір қою керек пе деген жайлардың өзінен сан таластар туып жатады.
Бізде, мысалы, ноқат пен үтір сөйлем арасында қолдану мүлде жоқ болғандықтан, кейбір
құрмалас сөйлемдеріміздің арасы ноқатпен бөлінеді. Жазушының ойында сол ноқаттар
кей-кейде шартты түрде қойылады. Кейбір ноқаттарды біз орыс пунктуациясының
қағидасы бойынша, ноқат пен үтір орнына қолданамыз. Ондай белгі барда мағына жігі
үзілмеген сөйлемдердің бастауышы, біз шартты түрде қолданатын екі ноқат арасында
келтірілмейтіні де болады. Осы жайға формалдық тұрғыдан қарап, ноқат пен ноқат арасын
бағатын тілші, сыншы, кей жазушының құрмалас сөйлемінен не бастауышты, не
баяндауышты таппай сұрау сап жүреді. Екі босағаның арасында адасып жүретіні де
болады. Бұнда да біз тек жалпы көп мәселенің шетін ғана қозғап отырмыз. Пунктуация
жөнінде кемшілік пен олқылықтардың біздегі мысалдары толып жатыр.
Грамматиканың көп мәселесіне, тіл тану ғылымының бар саласына Маррдың "жаңа ілімі"
келтірген залалы көп. Қазақстан тіл ғалымдарының бұл жөнінде өздері жіберген
қателіктері қаншалық көп екенін барлық жұртшылығымыз да, тіл мамандарымыздың
өздері де ашып айтып келеді. Әлі аршылып, тазарып болмаған залалды қателіктер толып
жатыр. Енді сол олқылықтарды, қателіктерді тез уақыт ішінде құнды төлеулер беріп, түгел
жою талабындамыз.
Маррдың жүйесі тек тіл тануға ғана залал келтіріп қойған жоқ, әдебиеттану ғылымына да
көп залалын тигізді. Осы ретте, әсіресе фольклорды тексеруде, бүкіл Одақ көлемінде және
барлық туысқан ел фольклорын зерттеу жөнінде Маррдан жұққан залалды, теріс пікірлер
аз емес. Сол қатарда, менің өзім редакторлық еткен, қазақ әдебиеті тарихының фольклорға
арналған бірінші томында да теріс пікірлердің айтылғаны бар. Бірінші томның кіріспе
бөлімінде Маррдың оқуын марксистік - лениндік әдебиеттану ғылымының көрнекті,
өнімді саласының бірі деп бағалауымыз - сол қате ойдың нәтижесі болатын. Бірінші
томның келесі баспасында марршылдықтың бұл түріндегі терістігін жойып жазуды
өзіміздің міндетіміз деп білеміз.
Ендігі бір мезгілді сөзді әдебиетшілер мен тіл мамандарына ғана арнамай, қазақ совет
әдебиет майданында қайрат етіп жүрген қазақ оқымыстыларына түгел арнамақшымыз.
Қазақ совет әдебиет тілі баю үшін бүгінгі сан сала ғылымда еңбек етіп жүрген қазақ
ғалымдары өздерінің еңбектерін орыс тілімен қатар, қазақ тілінде де түсінікті, көркем етіп
жазып, бастырып жүретін болуы шарт. Қалың колхозшы, жұмысшы жұртшылығымыз, көп
оқушы жастарымыз, өздігімен ізденуші партия, совет қызметкерлері, мұғалім
қызметіндегі лектеріміз қысқасы, жұртшылығымыз орыс тілінде жазылған ғылымдық
еңбектердің көпшілігін түсінбейді. Сондықтан да, осы халқымызға арнап ұлы
даналарымыз Маркс, Энгельс шығармаларын, Ленин, Сталин томдарын қазақ тіліне үлкен
ұқыптылықпен, зор талап, еңбекпен аударып, бастырып таратып отырмыз. Ендеше, сол
жұртшылыққа қазақтан шыққан инженерлер, дәрігерлер, биологтар, математиктер өз
еңбектерін өзінің жазып таратпауын немен ақтауға болады?
Ал біздің бүгінгі әдебиет тіліміз байығанда, сол ғылым, техниканың бар саласындағы
ұғым, түсініктер, атаулар мол - молынан кіретіндіктен байиды дейміз. Олай болса, сол
сөздерді, сол ғылымдарға байланысты тіл орам шеберліктерді, осы ғылымдардың өз
мамандарынан артық, қазақ тілінде айтып бере алатындай шеберлерді, қайраткерлерді бір
жақтан қарызға сұрап аламыз ба?
Осылардай ғылым мамандарына арнайтын сөздің бір алуанына мен айрықша бөліп алып,
қазақтың тарихшыларына әсіресе қадап айтар едім. Кейбірі ғана болмаса, бұл күнде
қазақтан шыққан тарихшы оқымыстылардың бәрі де өз еңбектерін тек орыс тілінде ғана