Page 261 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
261
еңбектерімізге қазақ халқының барлық облыс, өлкелеріндегі тіл байлығы өте аз түсті деп
байлауымыз керек. Біз жазу-сызуға жаңадан ие болған елміз. Біздің жазба әдебиет
қорымыз өте аз ғана. Бұл жөнінде зор табыс, мол байлықтар жазбаға түсе бастаған, даусыз
өскелең дәуір - қазақ совет әдебиетінің өсе бастаған дәуірі.
Сыр бойының, сол сияқты Батыс Қазақстан, Каспий атырабының балықшылық, өсімдік,
диқаншылық кәсібіне байланысты тіл өзгешеліктерін, сөздік байлықтарын өздерінің
шығармаларына молынан кіргізбей, өзге жер қазағына түсініксіз болады деп тартынатын:
Асқар, Әбділдә, Қалмақан және Тайыр, Қажым, Қабдол, Әбу, Хамит сияқты
жазушылардың тәжірибесін кемшілік деп бағалау керек.
Сондайлық солтүстік, шығыс облыстар жазушыларының және бұрынғы Жетісу
облысынан шыққан жазушылардың бәрі де өз туған өлкелеріндегі қазақ сөздіктерінің
байлықтары мен ерекшеліктерін молынан ортаға салып, әдебиеттік шығармаларына
көптеп енгізіп отырулары керек. Әсіресе, сол әр облыс жазушысы кіргізген тың сөздерді,
қосымша байлықтарды, олардың өздері ғана қолданып қоймай, басқа облыстардан
шыққан жазушылар да түгел пайдалануға бет қоюы керек. Осы соңғы айтылған ұсынысты
біз әсіресе аудандық, облыстық газеттер жүзеге асыруы қажет дейміз. Әр облыстық газеті
өз өлкесіндегі халық тілінің жазбаға түспей жүрген халықтық ескілі-жаңалы сөздерінің
барлығын мол пайдаланып отыруы шарт. Ал осы облыс газеттерінің жақсы тәжірибелерін,
тың табыстарын республикалық орталық баспасөз орындары үлкен ықыласпен,
ұқыптылықпен зер сала, мол пайдалануы қажет. Бұл ретте "Социалистік Қазақстан",
"Коммунист" журналы, "Сталин жолы", "Әдебиет және искусство", "Халық мұғалімі",
"Лениншіл жас" сияқты беделді, орталық баспаларымыз үлкен басшылық ету керек.
Осындай шаралар әсіресе біздің газеттеріміздің айқын байқалатын тіл олақтығын жеңе
беруге жәрдемші болар еді.
Қазіргі дәуірімізде халықтық әдебиет тілінің бүкіл Қазақстан көлемінде бірыңғайланған,
анық, ортақ, орамды, шебер сұрыпталған жазба әдебиетті болып қалыптасу дәуірі туды.
Бір облыстан бір облыс тілінің сөздік басқашалықтары бұрынғыша бытыранды, даралық
күйлерде қала беруі лайықсыз. Советтік тұтасқан ұлттың тіл қазынасы да тұтасып
бірыңғайлануы шарт. Оны біздің бүгінгі коммунизмге қарай үдей өсіп келе жатқан
социалистік мәдениетіміздегі, әсіресе екі түрлі ерекше қолайлы, тарихтық жағдайлар
талап етеді. Тіл мәдениеті жөнінде қала мен қыстақ арасындағы айырмыстың жойыла
бастағаны, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмыстың жойыла бастауы әрбір
советтік ұлттың әдебиеттік тілі де тұтасқан, бірыңғай тіл болуын тілейді.
Енді осы айтқандарға байланысты, біздің тіл мамандарымыз көп көңіл бөлетін, көп
таласқа салып жүретін диалект мәселесін де айта кеткен жөн. Сталин жолдастың
еңбектерінде диалектің екі алуан болатыны аталып өтті. Бұның бірі - үстем таптың белгілі
ортасы арнаулы дәуірлерде қолданатын, халық тілінен бөлек диалект немесе жаргон.
Екіншісі - жергілікті елдің анық халқы болып қолданатын диалект.
Осы соңғы мағынасындағы диалектіге Сталин жолдастың беретін ғылымдық талдауы
бойынша, бұның өзіндік грамматикалық құрылысы болады. Оны диалект ететін айрықша
белгі - өзге, өзімен туыстас тіл тобынан бөлекше қалыптанған, айқын грамматикалық
өзіндік құрылысы. Ал осы жағынан қарағанда, қазақтың қазіргі тілінде диалект бар ма
десек, жаңағы белгідей көп қазақ тілінен бөлек тұрған грамматикалық құрылысы бар
диалект бар деп айта алмасақ керек.
Біздің кейбір тіл ғалымдарымыз қазақта диалект бар дегенде, Жайық пен Алатау
қазақтарының
солтүстік, шығыс облыстар тілінен бөлегірек айырмыстарын