Page 260 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
260
жазылуына бұрмалау кірмесін"-деді... "Осындай аса зиянды ұсыныс ұлт тілдерінің
заңдарын күйретіп, орфографияда анархия тудырды, ана тілінде хат тануды нешелер
қиындыққа әкеп соқтырды, жергілікті газеттер мен журналдардың жұмыстарын да
ауырлатты", - дейді Мординов.
Қазіргі кезде "Вопросы философии" бетінде бұл тыңнан көтеріліп отырған мәселе. Әрине,
Мординовтың ұсынысынан сингармонизмді түгел қостау туса, ол да дұрыс емес. Ендігі
алынатын, тыңнан кіретін атаулар мен орыс сөздерін бұрынғы ол тілдерден жырақ тұрған,
оқымаған кәрі әжелердің айтуына апарып, қайта салып отыру жол емес. Бірақ
"электричествоны" - "электр" деп алсақ, "электрификацияны" - "электрлеу" деп алсақ,
біздің қазіргі алып жүргеніміздей, "тік" жұрнағымен, немесе "изм"-мен алынып жүргені
сияқты мысалдарымыз бірталай атауларды тіліміздің заңына үйлестіре қолдануды
білдіреді. Осындай шаралар көп сөздің грамматикасы, орфографиясы жөнінде әлі де
сұрыпталуы керек.
Онан соң, қазақ тілінің агглютинатив бітіміне қарай, бізде сөз түбірі - есімдер мен етістікті
алсақ, көбінше бір буын, екі буыннан артық болмайды. Осыған жалғау, жұрнақтар, көптік
белгілер, жақ нышандары, тағы көп алуан үстеме буындар қосылу арқылы түбірдегі қысқа
сөз ұзақ боп кетеді. Орыс тілінен алынатын сөздер жөнінде тілдің осы ерекшеліктері де
ғылымдық түрде ұдайы ескерілуі қажет.
Қазақ жазушылары, ғылым, техника сияқты, қазақ тіліне молынан кірген сан сала
жаңалық атауларды қолданбай жүр. Солардың ішінде тілдің грамматикалық көп түрлеріне
өзгертіп, өлең жолына қолданудың ақындарға қиын соғатыны да бар. Әсіресе орыс сөзі
мен шет сөздерді алу, жазудағы біздің бүгінгі орфографиямыз қиындық туғызады. Бұл
жөндегі мысалдарды да мен көп келтірмей-ақ қоям. Ол - әрбір ойланған оқушының,
жазушы мен тіл ғалымының көңіліне аса айқын жайлар. Кейде жазушы, ақындар осындай
атауларды грамматикалық өзгерістермен пайдалануға баса қоймай, жалтарып кетіп, сол
мазмұнға төтеп бере алмаса да, маңайлас сөзді алады да, қиялай салады. Бұл дағы
ескермейтін жағдай емес.
Бұл жөнінде орыс халқының тіліне өзіміздің туысқан елдер тілінен ауысып кіріп отырған
сөздердің жазылуы мен айтылуын еске алуға да болады ғой. Революциядан бері орыс
тіліне қазақ сияқты барлық туысқан елдер тілінен кіріп жатқан сөздер көп. Сонда: жайлау,
қашар, ақын (ақын емес) тәрізді сан сөздер орыс тілінің фонетикалық, грамматикалық
жағдайларына бейімделіп алынып отырған жоқ па?
Советтік әдебиет тіліміздің байып, өсуіне қосымша дамытатын қорды біз қазір жалғыз
ғана орыс тілінен аламыз да қоямыз деп, кесіп байлау да дұрыс емес. Мұнымен бірге қазақ
әдебиет тіліне көршілес туысқан елдер тілінен келіп араласқан, біте қайнасып жатқан көп
сөздерден де жазба әдебиетіміз қашпау керек. Осы айтылған ойларға жалғаса жазба
әдебиетіміздің бұрынғы шағында қолданған, ескірген натуралистік тұрпайылығы бар
сөздіктерін алып тастап отырып, одан басқа фольклорда бар, барлық бұрынғы жазушы,
ақындарда ұшырайтын ескілі-жаңалы сөздерді, көрші елдердің тілінен ауысқан, халық
қабылдаған, жаргон емес, халықтық сөздерді, кітап, жазба тілінен Абай тәрізді
ақындарымыз қолданған сөздерді де жатырқамай пайдалануымыз керек.
Сталин жолдастың даналық еңбегіне байланысты, бүгінгі орыс әдебиет тілінің жайын сөз
қылған орталық баспа жүзіндегі орыс әдебиетшілері мен тілшілерінің мақалаларына
қарасақ, орыс халқының бұрын-соңды әдебиетіне түскен сөздің барлығымен толық
пайдалану керек дейді. "Слово о полку Игорове"-ден бастап, Маяковскийге шейін
қолданған сөздік қордың бәрі де бүгінгі орыс совет әдебиет тілінің қазынасы деп
айтылады. Ал осы тұрғыдан қарап, біздің ендігі әдебиет тілімізді алсақ, әлі жазба кітап