Қазақстанның ашық кітапханасы
259
Енді біздің тілшілерге әдебиет атынан арнап айтатын бір алуан талабымыз тағы бар. Орыс
тілі мен шет елдер тілінен алынған атаулардың грамматикасы, нақтылап айтқанда,
орфографиясы бізде әлі дұрыс жолға қойылып болмаған сияқты. Шынында мен тіл
ғылымының маманы емеспін. Бұл тәріздес кемшіліктер жөнінде "Коммунист"
журналының осы жылғы бірінші санында мәселе қозғау ретінде жарияланған "Тіл білімі
жөніндегі қателерді батыл сынап, тез түзейік" деген Ысқақов жолдастың мақаласында
анағұрлым жете айтылған. Мақалада совет тіл ғылымын шатастырған Н.Я. Маррдың
қателері қазақ тілі ғылымын да шарпығандығы, залалын тигізгені, оның марксизмге
қайшы келетін теріс қағидалары қазақ тілі мамандарының да ғылыми-зерттеу
еңбектерінен, олар жасаған оқу құралдарынан, тағы басқа жөнде орын тепкендігі
сыналды, бірсыпыра қателіктер мен кемшіліктер көрсетілді, көзге айтылды, елеулі
мәселелер көтерілді.
Ал бұл мәселе жөнінде қазіргі менің айтқалы отырған сын ойларым, ойласу ниетпен
ортаға салмақ болған пікірлерім ғылымдық жүйе жағынан қарағанда ұшқары болып
шықса, тіл жүйесін зерттеп жүрген ғалым жолдастарымыз жөнге салар.
Біздің соңғы жылдардағы жазуымыз, қолдануымыз бойынша, орыс сөздері, шет ел
атаулары орысша қалай жазылса, қазақша да солай жазылуы керек. Осы қағиданың екі
жақты қайшылығы бар. Бұнда мұғалімге, балаға түзу үйрену үшін туатын бір қиындық -
қазақ орфографиясын білуден бұрын, орыс тілінен кірген, бүгін қазақтікі боп кеткен
орысша сөздерді орыс грамматикасы бойынша қалай дұрыс жазу керек екенін ең алдымен
білу қажет болады. Қазақтың өз тілінің ерекше заңдарына бейімдеп алмай, орысша
жазылу үлгісінде алғандықтан, қазақ балалары да, әсіресе мұғалімдері де, қазақ тілінің
жазу заңдарын қанша жақсы білсе де, осы орыс сөздерін жазуға келгенде үнемі қате
жазады. Өйткені олар ана тілін оқиды, ана тілінде сабақ береді. Орыс тілінің
грамматикасын кейіндеп біледі және қазақ ана тілінің мұғалімі, бүгінгі сатыда, әсіресе
орыс тілінің грамматикасына шорқақ.
Бұл турада "Вопросы философии" журналының 1950 жылғы үшінші санында Мординов
жолдас көтерген елеулі мәселелер жайын ойланбасқа болмайды. Әрине, осымен қатар,
жаңа сөздерді алуда, түгелімен сингармонизм заңына бағындыра алу қажет десек, ол да
ұшқары пікір болар еді. Бірақ қазақтың тіліне халықтың қолдануы арқылы заңды түрде
өзгеріп сіңген: самауыр, стол, кереует, пеш,трактор, газет (газета емес), журнал, стақан,
машина сияқты толып жатқан ескі - жаңалы сөздерді таза орысша жазылу үлгісімен
жаздырудың өзі дұрыс па? Ол сөздерді қазақша оқығанда, осылай халықтың айтуынша
үйренген бала, орыс тілінің сабағында, сол сөздер орысша грамматика бойынша
жазылатынын жолай, оңай салыстыра біліп кете бермей ме? Мысалы, орыстың тіліне
француз, ағылшын, неміс, латыннан кірген ұшан-теңіз сөздіктер бар екен. Олар орыс
тілінің заңына бағына айтылып, жазылады екен. Қазіргі орыс балалары сол сөздердің,
немісше, французша, ағылшынша тілдерді оқи бастағанда, басқаша айтылып,
жазылатынын жолай қиналмай-ақ түсіне, ұғына келе жатқан жоқ па? Біздің
грамматикамызда осы жөнде асыра сілтеу, сыңар жақтық жоқ емес сияқты. Бұл туралы
жаңағы "Вопросы философии" журналындағы Мординов мақаласында орыс сөздерін ұлт
тілдерінде орыс орфографиясымен жазғызуды "марршылдықтың бір солақайлығы" деп
бағалайды.
"Орыс тілінен, түрік тілдері сияқты, басқа көп тілдерге кірген сөздерді жазудың негізгі
принципін белгілеген академик Мещанинов пен профессор Сердюченко болатын. Олар
жасанды әр алуандықты жою мақсатымен" деп дәлелдеп, орыс орфографиясы мен
туысқан елдер орфографиясы жөнінде заң ұсынды. "Орыс сөзі мен халықаралық атаулар
орыс тілі арқылы алынғанда, орыс орфографиясы бойынша жазылсын. Бұл атаулардың