Қазақстанның ашық кітапханасы
252
екенін ұғынбай, аңдамай жатып жолдас Нұрышов ол өлеңді жинаушы, бастырушыларға
барынша үлкен айып тағып, жалалап, кінәлай келеді. Жә, осы үш өлең қандай?
"Йузи раушанда" сұлудың нұр жүзін тамашалағаннан басқа, соның шұғыласына елтіп,
ынтық - ынтызар жайын баян етуден басқа не бар екен? Абайда кейін туатын, саф қазақ
тілінде жазылатын, сұлу қыз жайын баян еткен "Қақтаған ақ күмістей" өлеңінен мынау
өлеңнің мазмұны жағынан жырақ, идея жағынан бөтен не белгісі бар?
Рас, тілі аламыш, ала шұбар. Бұл ол өлеңнің кемшілік жағы дейік. Бірақ оның идеядан
кертартпалық танытып тұрмағаны айдан айқын. Сонан соңғы шабуылға ұшыраған өлең -
шығыстың классик ақындарын санаған бір ауыз экспромат. Осы жерде санаған ақын
ішінде бүгінгі туысқан елдеріміз, советтік шығыс: азербайжан, тәжік, өзбек ақындарының
классик үлгісіндегі қадірлі тобының ғана атын атап отырған жоқ па? Бұдан Сопы Алаяр,
Қожа Ахмет Иассауи неге жоқ? Солардың жоқ болуы Абайдың сол жас күнінде дұрыс
бағытта іздене бастағанын жақсы аңғарып танытпай ма екен? Орыс тілін, орыс әдебиетін
білмей тұрған күнінде, жақын шығыстың жақсы ғана ақындарын тандап алу Абайдың
жастығына айып емес, тіпті мақтан екенін аңғармауға бола ма? Ал, "Әліп-биге" келсек,
бұнда:
Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім, -
деп бастағанда, ғашық - ашұқ жайынан, жас жалынды білдіре бастағаны айқын тұр. Содан
ары:
Ләм, лебіңнен ем қылсаң мен дерттіге,
Мем, мейіріңнен қалмас еді бар апатым.
Нән, нала ғып қайғыңмен күйдірдің көп,
Уау, улана ғишқында уайым жеп, -
деп келеді де, ақырғы төрт жолдың алғашқы екі жолында:
Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мәт - қасың, тәштит - кірпік, сәкің - көзің, -
дейді. Содан ары ешбір дінсіз, кертартпа идеясыз, реакциялық шығыс сарынынсыз қазақ
жасының өзі құрбы қызына хатпен жазып отырған тілегін, қолқасын айтады. Рас, оны сол
"Әліп-бидің" түрімен, ойнап жұмбақтап келсе де, ақырында натуралистік тілек түрінде
айтады.
Әрине, Абай ол кезде кей сезім, кей теңеулерді натуралистік түрде айтады. Бүгінгі біздің
сыпайыланған, мәдениеттенген әдебиеттік тілімізге, ұғым, түсінігімізге ұяттау, дөрекі
көрінетін тілмен айтады дейміз. Бірақ, Абай заманындағы көпшілік қолданған тіл - теңеуді
еске алсақ, ондай Нұрышов көзіне ұятты көрінген сөз бен теңеулер Абайдың бергі кездегі
өлеңдерінде жоқ па екен? Сөйтіп, сыншыны Абай мұрасынан үркіткен, ол өлеңді
бастырушыларды қатты айыптап, сезікке алып, жала жаптырған жаңағы өлеңдердің ішіне
тағы біраз үңіле түссек, әр ақынның жастығына тән кемшілігімен қатар (бірақ ол идея
кемшілігі емес), өзінше қызық бағалы қасиетін де көреміз. Осы өлеңдерде не әулие-әнбие,
не әлдеқандай зар заман, болмаса махшар, немесе тәубе - табыну, сиыну дегендерден
иненің жасуындай белгі бар ма? Бұл өлеңдер Абайдың анық жастығына тән, ыстық
жалынды, еркін сезімді уыз жастық өлеңдері екеніне ешкім күмәндана алмайды. Бұларда
діншілдіктен бірде-бір елес жоқ. Олармен салыстырғанда, Абайдың кейінгі дәуірде жазған
қайшылығы мол, тар келемді: "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" деген өлеңі, болмаса басқа
өлеңдерінде ұшырайтын ислам дінін өзінше шартты түрде болса да қабылдау, құптауды