Page 251 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
251
жыл мен 1870 жылдың қайсысы екені бізге күдікті болғандықтан солай қойылған. Ал ол
жастық дәуірінің, 20-25 арасының өлеңі екенін шындап ойланып оқыған дұрыс ойлы
оқушы өзі де айыра алады. Мысалы, жылы белгісіз өлеңдер қатарына біз Әбдірахманның
өліміне арналған төрт өлеңді де қостық. Әбдірахман 1985 жылы өлген. Абай сол жылы да
көп өлең шығарып, кейін де бірнеше жыл бойында арманда кеткен сүйікті ұлын есіне
түсіріп, өлеңдер жазып жүрген. Сондықтан бұл өлеңдер 1896, 1897, 1898 жылдарда да
жазылуға мүмкін болғандықтан, дәл жылын білмегендіктен, "жылы белгісіз" өлеңдер
қатарына қойдық. Бұнымызда дауласуға келетін қателік те болуы мүмкін.
Ал Нұрышов жолдас "жаман өлеңдер", "ұсақ-түйек", "ұят өлеңдер" деген бір топ өлең
таппақ болады. Бірақ атайтыны бір ауыз экспромат қалжың - "Шәріпке" деген өлең. Ол -
мысқыл өлең. Шәріптің күйеуі Түндікбай Абайға жасы құрбы адам. Соған, әрине, қалжың
айтқанда, сыпайы түрде айтпай, өткір мысқыл, тапқыр теңеу келтірсе де, Абай тұрпайы
түрде, натуралистік дәрежеде айтады. Бірақ сол қалжыңның өзі де, аңдасаңыз, күшті ақын
айтарлық қалжың өлең деп білеміз.
Жолдас Нұрышов күдіктенген Абай жастығына қимайтын өлеңнің енді бірі "Абыралыға"
деген өлең болса, бұл аса қызық шығарма. Мұнда Абай Абыралыны мазақ етем деп
мұсылманның намазын, намазда айтатын дұғалығын қылжақ мазақ қып отыр.
Қира атын оқытып
Көріп едім, шатылды.
Құржаң-құржаң етеді,
Жер ұшық берген кісідей
Тоңқаңдай ма, не етеді? –
деп, намаз оқып тұрған Абыралыны бар қимыл - қозғалысымен бір мазақтап өтеді де, енді
дұғалықты сықақ қылады:
Еннаттайына кәл кәусар,
Пошол дереу күнәкәр,
Аяғын ойлап айтқаны,
Әні-шәні күләптар.
Осында "пошол дереу" деп орыс сөзін қосып, құран аятына араластыра мысқылдап отыр.
Бұны, жолдас Нұрышов айтқандай, шығысшыл, "шығыс әдебиетінің ескі дәстүріне
еліктеген мағынасыз өлеңдер" деу үшін қаншалық дәрежеде ойсыздық қажет екенін мен
тіпті өлшей алмаймын.
Бұл шығыспен байланысты өлең екенінде және дау жоқ. Өйткені шығыстан келген ислам
дінімен шайқасып отырған жас, азат ойлы, ойнақы сатирик Абайды көріп отырмыз. Бұл
өлең Абайды шығыспен туыстырса, онда шығыс ескілігімен алысу дегеннің өзі не
болмақ?
Егер бұл туыстыратын болғанда, сын деген қайсы болмақ?
Шығыспен туысқаны сол - Абайды осы өлеңімен қоса сол күндегі имам, ишан шордай -
исламдердің тергеуіне берсе, пәтуа сұраса неғылар еді. Кітабын өртеп, өзін кәпір, әйелін
талақ дер еді. Немесе, бәлки, отқа өртеп, дарға да асамыз дер еді...
Жолдас Нұрышевтің Абайдың жастық өлеңдері арасында өлердей өші, оның ойынша,
кертартпа шығыспен идеялық жағынан байланысты үш өлең: "Иузи раушан", "Физули,
Шәмси" және "Әліп-би" өлеңі. Бұл өлеңдерге сүйене отырып, идеясы, мазмұны қандай