Page 25 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
25
Осы сияқты бір үйдің ішінің еркектеріне де біріне бөрік, біріне тымақ кигізу мақұл емес.
Ағайын деп көрсеткен киімнің бірін Түркістанша, бірін Семейше кигізсек, қайдан жақсы
болады.
«Ревизордың» чиновниктерінің біреуіне француздың XVIII ғасырдағы ақ шалбар, көк
фрагын кигізіп, басына парик қаптап шығарса, орыс театрына қандай ұят, масқара сияқты
көрінер еді. Суреттілікке арналған сыншылдық (художеств, реализм) шарты оны
істетпейді. Біз бұл уақытта жәрмеңкенің балағанына арнап ойыншық жасап отырғанымыз
жоқ. Олай болса, бұл сияқты кемшілікті жою керек. Жоюдың қажет екенін әрбір артист өз
ішінде анық түсіну керек. Ойнауыңмен, сөйлеуіңмен ғана емес, жалпы сыртқы
көріністерінің, үлгілерінің өзімен де пьесаның ішіндегі әңгімеге үйлесетін бірбеткейлік
керек.
Жалғыз ауыз сөз айтпай, құр ғана сахнадан көп ішінде үндемей өтетін статист (мылқау
ойыншы) болса, соның да киім үлгісі геройдың үлгісімен бірыңғай болу керек. Сахнаға
сезгіштік, сыншылдық, жарастық үйлесімді талғай білетін мәдени үлгілік осындайдан
туады. Бұл үлкен негізді мәселе. Сондықтан сырт көзге, көпшілікке ұсақ нәрсе сияқтанса
да біз әуелгі сөзді осыдан бастадық.
Осы сияқты жайды сахнаға декорация құру турасында да ескеру керек. Қазақтың кей
жерінде үй ішіне Европа саймандары — шкаф, айна, темір төсек сияқтылардың кіргені
бар. Ауқатты үйде осы болса, сол елдің ішіндегі кедей үйде кебеже, жүкаяқ, ағаш төсек
сияқтылар болады.
Бұл сахна жайы болса, көрушілер отыратын залға қарағанда Европа театрының
тарихындағы орта ғасырды көресің. Бүгінгі мемлекет театры ойынға келуші халыққа бір
де қолайлы шартты беріп отырған жоқ. Ең әуелі сыртқы киімді шешетін жер жоқ. Зал
толған бөрік, тымақ пен көмпиген қалың киім. Нөмірсіз орын, ойын басталғанша
басылмайтын дабыр-дүбір, орынға таласқан шаң-шұң. Ыстық залда қалың киіммен
отырып пысынап, тынышсызданған мазасыз халық. Сахна маңындағы бос орындарды
жағалаған тентек балалар, кей уақытта емшек баласы да мемлекет театрының көруші
халқының бірі болады. Ойын ортасында сықырлап есік ашылып, аяқтың сарт-сұрты
басылмай жататын кездері бар. Кішкене тыныштық алып, енді сахнаға қарай
бастағаныңда, артқа таман отырған кейбір ер жігіттің әмірлі дауыспен «қаттырақ» деп
қойған айғайын да есітесің. Мінезсіз ел кейде дабырды өзі бастап алып, артынан көпке
шейін өзін-өзі тоқтата алмай, жағалай «шыш-шыштап» шыжылдап, ысқырып та жатады.
Осының бәрі онсыз да тыныштығы кетіп отырған артиске өкшесінен сұққан біз сияқты
әсер етпесіне шара жоқ.
Ретсіздігін өзіне шаққандай болып, сол залдың өзіне жалтақтап қарайды. Кейде жаның да
ашиды. Бүгінгі артист баяғы роль жаттамай шығатын, залға құр мағынасыз мақтана
қарайтын санасыз сөдегей ойыншы емес. Бәрі де міндетін зор түсінген өнер қызметкері,
саналы еңбекші.
Көп ойынын көрмесек те аз ғана нәрселеріне қарап, қазіргі мемлекет труппасынан алған
алғашқы жақсы әсер сол болды. Труппа екі жасқа толған шағында, өз ортасында өнер
иелерінің әралуан түрлерін көрсетуге айналған сияқты.
Жай өмірде күнде көріп жүрген көп-көп жан, сыртқы жүріс-тұрысы, әдет-мінезбен біріне-
бірі өте ұқсас сияқтанса да шындап тексеріп, тесіле қарай келгенде, бірінен-бірінің
айырмасы, жаттығы, шалғайлығы өте көп боп шығады. Өнер пырағына мініп өмірге келем
деген артист те сол сияқты.
Ӏ
шінен шынымен қыздырып желістіріп, өршелендіріп айдап