Қазақстанның ашық кітапханасы
248
десе, ол бір пікір болар еді. Оны айта алмайды да және шығыстың бәрін тұтас ұнамсыз
бір-ақ бояумен баттита қиянаттап алады да, Абайды өзі де апарып сол "зиянды", "жаман"
деген шығыспен тұтасынан қабыстырып қояды.
Жолдас Нұрышевтің бұдан соңғы өзінше елеулі пікірі: "Ұлы адам мұрасын ұсақ-түйекпен
өлшемеу керек. "Шәріпке" деген орынсыз өлеңді айтқызу тіпті қиянат", - дейді. Және
шығыс елдерінің, бізше, Науаи сияқты ақындарына еліктеп жазған үш өлеңін мінегенде
"мағынасыз кертартпа өлеңдер" дейді. "Бірақ мұндай нашар мағынасыз өлеңдерді,
шығыстың кертартпа дәстүрімен жазылған өлеңдерді зерттеп білмей тұрып, Абайға таңа
салуға болмайды",- дейді.
Біз кейін ол өлеңдерге тоқтағанда, сол шығармалар тіл жағынан аламыш болғанымен,
нашар да емес, мағынасыз да емес және әсіресе шығыстың кертартпа дәстүрімен жазылған
өлеңдер емес екенін дәлелдейміз. Оны біз "зерттей білмегендіктен" басқанымыз жоқ,
мүмкін зерттеп отырып басқан болармыз да, Нұрышов жолдас өзі сол өлеңдерді ойлап,
андап қарамай, зерттеу былай тұрсын, тіпті мүлде ұғынбастан - ақ, жалпы күдік атымен
жалаға ұшыратып отырған болар. Нұрышов жолдастың өзінше нақтылап, Абайдың жас
шағындағы өлеңдерге қарсы айтқан тағы бір пікірі бар. Мақаласындағы дәл дерекке
сүйеніп айтылған жері осы ғана дейік.
Онда не дейді?
Абай өмірінің жиырма жеті жылының бойына сегіз - ақ өлең табылған, оның барлық
жиыны сексен алты - ақ жол дейді. Бірақ Абай томының алғашқы беттерін ғана аударып,
жас кездің жылы аталған сегіз - ақ өлеңін алып, сөйлеу жеткіліксіз. Оқушының қайсысына
болсын ешбір күмәнсіз, Абайдың 37 жасқа шейін емес, 20-25 жасар арасында жазғанына
ешбір күдік қалдырмайтын тағы бірнеше тамаша өлеңдері, сол ж. Нұрышов басын қарап,
аяғын аңдамаған томның "Жылы белгісіз" деген өлеңдер тобында тұр. Олар: "Сап-сап,
көңілім" - 59 жол, "Жарқ етпес қара көңілім" - 8 жол және "Тайға міндік" - 45 жол, жиыны
жас кездің (яғни 37 жастан бұрын жазылған) 112 жол қосымша өлеңі және бар.
Бұл өлеңдер жас Абайда ақындық үлкен өнер барын танытады. Олардың болашақ реалист
Абайдың және өзіне де, ортасында үлкен сыншы, ойшыл болатын Абайдың белгісін
айқын көрсетіп тұрған өлеңдер екеніне кім таласар екен?
Енді ж. Нұрышевтің мақаласындағы пікірлерін барлық өзінше түйінді, нақтылы деген
жақтарынан шолып алып, солардағы дәлелсіз, орынсыз теріс долбарға кезегімен жауап
айтайық.
Өзге емес, ең әуелі, Абайды шын сүйетін, оның жайындағы дәл деректерге, дәлелдерге
шын ықылас бөлетін қадірлі жұртшылығым үшін төмендегі біраз фактілерді айтып өтейік.
1909 жылғы баспада барлығы 5399 жол өлең бар еді. Оның 1090 жолы аударма болатын.
Жіктегенде: 362 жолы Пушкиннен, 398 жолы Лермонтовтан (Гете, Байроннан аударған
бірер өлеңін Лермонтов арқылы аударылғандықтан осы санға қосып отырмыз), Крыловтан
180 жол және Бониннен 16 жол.
Осы аудармаларды есептемегенде, Абайдың өз жанынан жазған өлеңдерінен 1909 жылғы
баспада шыққаны -4309 жол болады. Ал Мүрсейітте бар дегенге келсек, оның қолжазбасы
біреу емес, әлденешеу болған. Соның ішіндегі қолға түскен ең молығарына, көлемдісіне
қарағанда, баспаға кірмей қалған 17 өлең бар еді. Оның жиыны - 626 жол болатын, 45 қара
сөз бар еді. Бір тарихтық мақала бар-ды. Осыларға қоса 1933 жыл, 1939 жыл, 1945 жыл
баспаларында және45 өлең қосылды. Олардың ішінде жалғыз ауыз қысқа экспромат,
қалжың-әзіл, ұсақ мысқыл өлеңдермен қатар, Пушкин, Лермонтовтан қалып қойған