Page 224 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
224
себебі - Оразбай тобының әуелден өші Абай. Өштік түбі күндестік, қызғаныштан, өзімшіл
бақталас, бәсекеден шыққан. Олар Абаймен бір қатарда атқа мінеді де, Абайдың өздерінен
артқанын көтере алмай, үнемі іштен кейіп жүреді. Көп елдің, көп момынның сенетіні,
қадірлейтіні Абай болғаны да бұларға удай тиеді.
Әділ, көреген, шыншыл, алыс-жақынға бірдей даңқты және өзі білімді, онан соң халық
ақылын, өсиетін, өлеңін көксеген Абай оларға тең жау емес. Үнемі Тобықтының өз
ішінде, әсіресе Оразбайларды білмейтін, білгісі де келмейтін шет ел ортасында да Абай
бұлардан асып түсіп отырады. Абаймен сол тұстағы барлық Арғын, Найман, Керей, Уақ
таныстық, жақындықты, достықты іздейді. Кезіге қалса, ұстаздығына ынтығады. Өсиет,
мәжіліс, өлең үлгісіне жабысады. Ол ғана емес, талай күндік жерден талай жылға қиын
түйін дау-шары болса, таза адамшылық жолымен ақиқат айтатын дананы іздесе, бәрінің
шұбырып кеп табатыны Абай болады. Бұл жәйдің барлығы үйде отырып, алыспай отырып
жеңіп отырған, тартыспай отырып елді алып отырған Абайды жаңағы дүлей топқа әл
жетпес ұлы күш ете береді. Сол күш халық ортасына өсиет сөзі жайылып, ірілеген сайын,
Оразбайлар өзінің қыңыр, қиястық, қаскөй надандығымен Абайға өшіге береді.
Абайдың қайғысы онымен алысатын топтың ерекше надан соқырлығы болған.
Өйткені Абай өле-өлгенше, сол өмір бойы бірге жасасып өткен Оразбай, Жиренше, Күнту,
Абыралы сияқты адамдар халық жастарына, халық саналыларына Абайды Абай етіп,
қымбат, қимас, қадірмен дос етіп жатқан ақындық еңбегін білген де емес. Олардың бірде-
бірі Абайдың өлеңін оқытып, ақындық асыл қазынасын біліп, болжап көрген емес.
Оразбай, Жиренше екеуінің де жасы Абайдан үлкен еді. Екеуі де бері келіп, Абайдан
кейін өледі. Бірақ жәй жиын, талас үстінде Абай сөйлеген сөз болмаса, Абайдың бірде-бір
өлеңін жадына алып ұққан, қадірлеген кісілер емес.
Абай ержетісімен өзі тұрғы жастан дос етіп, қасына ертіп адам ғып шығарған кісілері ең
алдымен осы Оразбай, Жиренше, Ерболдар болатын. Дәл Жиренше басына өткен сан
жақсылығының бірі - көп сайлаудың бірінде "тентек ояз", "қара ояз" деп атанған бір
сотқар ояз елдің жазықсыз адамдарына дүре соға бастап, солар қатарында Жиреншеге де
дүре салмақ болғанда, Абай оязбен қатты жанжалдасып, ара түсіп, сабатпай, ананың арын,
намысын қорғап шыққан. Соның артынан "тентек ояз" Абайды Семейдің каталашкасына
да жапқызған. Арғын, Найман арасына барса, өмірінде жалғыз-ақ рет, жас шағында Қоңыр
көкшеге болыс болса, Абайдың әрдайым сенімді, белді би қып ерткен кісілері осы
Жиренше мен Оразбай еді.
Ол екеуі Абайдың ығында жүріп, елеусіз хәлден белгілі адам қалпына жеткенде,
малданып, әлденіп күшейген күндерінде Абайға ең алдымен қас боп шығады. Сол
жылдардың алдында бұрын ондайлық бай болмаған екеуі мейлінше байып алады.
Әрқайсысында мың-мыңнан жылқы болған. Оразбай бертінде жылқы санын үш мыңға да
жеткізген. Ал Абайдың өз басында ешбір уақытта ондай байлық болған емес. Қайта
өмірінде талай рет "шағын дәулет", "шолақ дәулет" дейтін күйлерге жақын қалып жүрген.
Мынау екеуі өздері байып, әлденіп алған соң, Абайға қарсы жаулықты тобынан бұрын
бастайды.
Олардың ең алғаш Абаймен араз болған сылтау, себебі де өзгеше. Бір жылы Тобықты,
Найман шекарасында Абайлар жүргенде, Найманның екі руы - Сыбан мен Мұрын
арасында қатты қырқысқан дау туады. Жесір дауы. Абай, тегі, қатал қалпын өзгертіп,
азаттық үшін алысам деп, сан рет қатты пәлеге ұшырап, өз басы арандап жүрген. Мынау
жолда да соның бір кезі болады. Мұрын қызы күйеуін тең көрмей, өзінің сүйгеніне кетеді.
Сыбан қызды қайтарып алмақ. Пәле ұлғайып, ел шабысарман болған соң, екі жағының
сөзі Абай алдына келгенде, Абай бітім - тоқтау айтыңдар деп, өз атынан Жиренше мен