Page 223 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
223
қарай жас қауымды бастай береді. Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат қылмай, жастардың
сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен
Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстайды. Мұқа Абай аулына кеңшілік
жәй емес, қысылшаң хал үстінде пана тілеп барған еді. Өз ағайынының біреуінен қалған
жесір әйелге ғашық болып, соны әмеңгеріне тигізбей, алып қашады да, Абай аулына
барады. Бұл кеткен соң, жуан ағайыны артындағы үйін шауып алып, пәле басталады. Абай
сондайлық ауыртпалығына қарамай, Мұқа мен келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық
әперіп, артын өзі жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп алады. Тағы
сол кезде өзге елдерден келген басқа бірнеше ақынды да сақтайды. Бұлардың көбі Абай
өлеңдерін қатты қадірлеп, жаттап алып, кейін Орта жүз, Ұлы жүздің көп еліне мол
таратады.
Ертерек уақытта қазақтың әнші, ақындарының ең бір ірі адамы - Біржан сал да Абаймен
жүз көрісіп, үлкен дос болған. Ол Абайдың жасырақ кезінде Тобықты ішіне келіп (атақты
ақын қыз Сарамен айтысатын сапары болу керек), көп уақыт қадірлі қонақ болып жатып,
Көкшетау, Атбасардан бергі жерде болған қазақ өнерпаздарының көп қазынасымен
Абайды кең таныстырып кетеді. Абай өзі де көп ән үйреніп, көп ақынның сөзіне қанып
қалады. Әйелі Әйгерімге Біржанның әндерін үйретеді. Бұл сияқты кездесулер Абайды өз
заманындағы қазақ сахарасындағы халық өнерімен мол таныстырып, нық байланыстырып
отырған.
Тоқсаныншы жылдарда өлең, өнерге тереңдеп кіріскен Абай бір өзінің көргені мен
сезгенін жырлайтын ақын емес, бүкіл қазақ даласындағы ой - сезімін жырлаушы Абай
болады. Осындай үлкен арналы ақындық жолына берілген соң, 1891 жылға дейінгі өмірі
Абайдың өзінше ең мағыналы өткізген жылдары болады. 1890-91 жылдарда да көп өлең
жазады. Сол уақыттарда жас жігіт болып, әкесінің қолында тұрып, оқып жүрген шәкірт
достары: "Осы жылдардың мәжілісінде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болды. Бар талапкер
жастар болып сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттер ше қақиқат олай емес" деседі.
Осы екі жылдың ішінде Абай өзінің көп жаңа өлеңдеріне ән шығарады. Ұстаздық қып
отырғанда "малқұмар, мансапқор адам - адам емес" деп ұғындырады. Әрдайым сағынып,
көксеп, қатты рахаттанатын уақыты сөзді ұғар - ау деген адамдарға, жастарға ілім сөзін
сөйлеп, насихат айтып отыратын кезі болады. "Ондай сөзге түсіп отырғанда, шаруа судай
атып бара жатса да, қаперіне алған емес. Біреу не шаруа айтып, не ел арасындағы
партияның жайын айтып, сөзін бөлсе, кейіп, я ашуланып қалушы еді. Сауданың, ақшаның
есебі секілді есеп әңгімесі шықса, аза бойы қаза тұрып, жиренген кісідей болып мазасы
кетіп, "есептерің бар болса, аулаққа барып есептеңдер" деп, өзі отырған үйінен қуып
жіберуші еді" - деседі.
Осы айтылған сөздердің барлығы - жалғыз Абайдың шәкірттері емес, сол кездерде
Абайдың тәрбиесінде болған көп адамдардың бірдей айтатын сөзі. Сондай өмір, сондай
мағыналы, үлгілі жол - Абайдың барлық кейінгі өмірінде айнымай ұстансам деген жолы.
Егерде ел ішінің бір қалыпта тұрмайтын тынымсыз әдеттері осындай өмірден Абайды кей
уақытта еріксіз тартып алмаса, Абай 1889 жылдан бастап, соңғы күндеріне шейін өз
өмірін осы жолмен өткізбекші еді. Бірақ ойлаған мақсұт - ниеті бұл тұста да түгелімен
арман қылған өрісіне жете алмады. 1890 жылға дейін тыныштық болып, кейін дәл сол
жылдың жазында Оспан мен Оразбай қайта араздасып, жауласа бастайды.
Абай басында бұл екеуін татуластырмақ болып, арасына жүріп көреді. Бірақ екеуі де
тыйылмай, жауласып кетеді. Осы жаулық тоқтамайтын болып, ұлғайып өсіп, тағы да
Шыңғыстың шегінен асып, Тобықтыға жетіп, Тобықтының лаңы басқа сырт елдерге де
жаңадан жайыла бастайды. Ол араздықтың түбі тағы да Абайға кеп мықты соғады. Оның