Page 207 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
207
Сонда Қаратай келіп: "Бала, қалай, қайсымыз жақсы екенбіз?" - дегенде, Абай: "Бәсе,
қайсымыз жақсы екенбіз. Біздің тобымыздың ортамызға жалғыз өзің келіп ойдағының
бәрін айтқанда, құп тыңдағаннан басқамыз жоқ еді. Сендердің ортаңа келсек, қыруар
жанды жалғыз шалың ауызға ұрып сөйлетпейді", - депті.
Осы қағысудың тұсында әке заманы мен бала заманының айырмасы ғана айтылып
отырған жоқ. Екі буынның біріне - бірі қайшы, қарсы көзқарастары да танылады. Ел мен
елді шабыстырған, бұрынғы пәле басы "басшы" болыстарды сынаған, жақтырмаған сарын
бар. Қалың ел мұңына, ел тілегіне өзі жақын болуға талпынып, "сол ел тілегіне бейім
болсаң жақсысың, болмаса өзің де жақсы емессің, өзің билеп қалыптаған заманың да
жақсы емес" деген саналы жастың, жаңа адамның аңғары сезіледі. Осылайша бірін
сынаудан бастап, өз уақытындағы, өзінің ар жағындағы "үлкен", "жүйрік" дегеннің
әрқайсысына да Абай ұрынып қалып отырады. Бәрінің де шама-шарқын сынап отырады.
Жаңағы сияқты біраз сөзбен Шорманның Мұсасымен де жанасыпты. Мұса - Құнанбай
құрбылас, өзі жуан - шонжардың бірі. "Шешен", "жүйрік" деген де атағы болған. Бір
жылы Семейде Мұса Құнанбаймен бір мәжілісте отырғанда (тегі, Құнанбайдың
сұрауымен болса керек) үйдегі балаларының атын атап, Сәдуақас деген баласы барлығын
айтады. Сонда Абай: "Бір адамға екі бірдей адамның атын қояды екен, ол Сағид бин Уақас
деген әкелі-балалы екі кісінің аты емес пе?" - депті.
Мұса Абайдың осы тілін еске алып қалса керек. Екінші бір жерде, бірталай кісінің
мәжілісінде Абай кіршіме ішіп отырғанда, Мұса үстіне келіпті. Отырған жұртпен бірге
Абай Мұсаны мәжіліске кіруге шақырғанда, ол: "Жоқ, бұл нәрсенің аты кіршіме, тегі
ноғайдың "кіршімә" деген сөзінен болса керек. Сондықтан мен кіріспегенімді мақұл
көрем", - депті.
Бұл сөзге Абай: "Менің ойымша, ең әуелі бұл сөз ноғайдың тілі емес, парсының
"гәршама" - "шамаңа қарай" деген сөзінен болуға қисынады. Екінші әрбір нәрсенің іс міне
қарай жиемін ала ма, жиеніме қарай ісемін ала ма? "Алма" деген жемістің аты, сол атына
қарап алмайсыз ба?" - депті.
Осы сияқты жұрттың "тапқыр" деген кісілерінің құр атағына жығылмайтын,
бойсұнбайтын ізденгіш, өр мінезін Абай оқта-текте өз әкесіне де білдіріп жүрген. Бұл
туралы мына бір әңгімені айта кетейік.
Ел ортасының бір үлкен жиынында Құнанбай көп ортасында сөйлеп отырған уақытта,
Абай әлденеше оқталып, бір нәрсе айтқысы келіп, киліге беріпті. Сонда Құнанбай "тек
отыр!" деп тоқтатып тастайды. Артынан ел арылып, жиыннан қайтып келе жатқанда, әкесі
Абайды шақырып алып, көп алдында көлденеңдегені үшін наразылық айтады. Таласқан
кінәсін Абай мойнына алады. Содан кейін Құнанбай: "Кезі келген жерде айтпақ болып
жүрген сөзім бар еді, соны айтайын: ең әуелі - сен жұрттың бәріне күліп сөйлейсің,
жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісіге қадірің болмайды.
Екінші - көрінгенмен жақын боласың, кісі талғамайтын, желбегей жүрген кісінің басына
ел үйірілмейді. Ел алатын қылық ол емес. Үшінші мінің - орысшылсың", - депті.
Осыған Абай: "Қолында құралы бар бірен - саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан да
қойшы-қолаң, жалшы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп
білемін. Екінші сөзге - қазақ ескі бір заманда қой сияқты болған, бір қора қойды жалғыз
қойшы "айт!" десе өргізіп, "шәйт!" десе жусататын заман еді. Одан бері келе ел түйе
сияқты болды. Бір шетіне тас тастап, "шөк!" деп дыбыстаған уақытында аңырып тұрып
барып, бетін бұратын болды. Енді біздің заманымызда ел жылқы тәрізді болды. Мұны ақ
қар, көк мұзда қар төсеніп, мұз жастанып, етегін төсек, жеңін жастық қылуға шыдаған