Қазақстанның ашық кітапханасы
199
келген Бәсібектей жандар бар. Осының бәрі болмаса да, көпшілігі бала оқытып, ұстаздық
құрып, Тобықты ішіне оқу-білім таратқан жандар.
Бір жағынан, елге үлгі етіп, екіншіден, өз тәрбиелерін жетіктіру үшін, дәл өзінен туған
бірнеше баласын шет қалаларға жіберіп оқытқан. Айғыздан туған Халиолла деген баласы
Петерборда оқып, офицер шенін алып шығып, елге келгенде құрт аурудан өледі. Абайды
Семей қаласының ең зор медресесінде оқытады. Қолындағы басқа бар баласы да
оқымысты болған. Әрине, Құнанбай тұсында баласын орысша оқытқан, әсіресе офицерлік,
төрелікке арнап оқытқан қазақ феодалдарының бәрі де текке, құр білім үшін ғана оқытқан
жоқ, шен ал, ұлық бол, менің тұқымымның таптық, саясаттық үстемдігін нық сақтайтын
бол деп оқытқан. Құнанбай орысша оқытуында да сол сыр анық бар еді.
Көп ел ортасында Құнанбайдың өз тұсындағы өзінше үлгілі іс боп аталып, таралған бір
әрекет, мұсылмандық әсерін күшейтетін, дін тарату болады. Бұл ретте шариғат жолын ел
көкейіне сіңірем деп қатал, ожар мінездер жасаған.
Ерсі діндар фанатикті істер еткені де аз емес. Соның бірі - шариғат үкімі деп, Қодар деген
шалды келінімен жаман аты шықты деп, мойындарынан қосақтап түйеге асып өлтірткені.
Насыбай атқан кісінің танауын тілгені де бар.
Дін жолын бекем ұстауды үлгі етемін деп, Құнанбай аға сұлтан боп тұрған күнінде
Қарқаралы қаласында мешіт салдырған. Кейін 70 жастар шамасында, әмір - биліктен
тоқталып, Меккеге барады. Сонда Меккеге қазақ адамдары түсіп жүрсін деп, өсиет етіп, өз
пұлына "Тәбия" деген жатын үй салдырып кетеді. Бертін келе әр рудан Меккеге барушы
қазақ көбейген уақытта көбі Құнанбайдың "Тәкиясіне" түсіп, сол жақтан Құнанбай атына
қанық боп қайтады. Осының өзі де кейін Құнанбай өлген соң, оның атағын даңқты етуге
себеп болған.
Құнанбай мінезінің бірбеткей, берік, ұстамдылығы оның өмірінің соңғы жылдары әсіресе
айқын көрсетіледі. Ұзақ өмірінде талай алыс-жұлысты басынан атқарып кеп, ақыры
Меккеге барып қайтады да, өз-өзіне серт беріп, "дүние сөзіне енді араласпаймын" деп,
шымылдық түсіріп, елден аулақ отырып алады. Сол күйде дау-шарға шынымен бірде - бір
араласпай, жеті жыл анық тыйылып отырып барып, қайтыс болады.
Заманында хатқа жазып қалдырған адамдар болмағандықтан, Құнанбайдың көп тапқыр
сөз, терең ойлары сақталып қалмаған. Бірақ анық Құнанбайдың өзі айтты деген сөздер
сонда да жоқ емес. "Арымнан жаным садаға, жанымнан малым садаға", "Жарлы кісі
жамандар, да қуанар", "Адамның не нәрсе қасиеті болса, сол нәрседен міні де туады",
"Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, құлақпен естіген өтірік, көзбен көрген шын" деген
сияқты сөздері Құнанбайдың өз ортасына үлгі айтам деген ұстаздық адам екенін
танытады...
Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі - қыздай
алған Күнке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі - Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі
Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған.
Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі - Айғыз.
Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін
Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі - Нұрғаным. Бұдан бала
болмаған.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта екі шешесінің
ортасындағы тел баласы Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл