Page 198 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
198
орнаған жер тың бір обырдың орнағанындай. Ел жуандары бір руға ызғарын өткізем
дегенде, сол рудың үстіне сияз құрады. Халық күйінің ауыр кезінде құрып, әсіресе
берекесін кетіреді. Осындай сияздың бірін Құнанбай Көкше руының ішінде өткізбек
болған екен. Мезгіл - қыс, ел қысаң күйде тұрған шақ. Сонда Көкшеден Бектас деген кісі
Құнанбайға кеп: "Е - е, Құнанбай, жарқырап жаз шықпаушы ма еді? Қыстың айы алтау
еді, сенімен енді жетеу болды ма?" — депті.
Құнанбай тұсында Тобықты ішінде мұнымен тең түсетін бастас адамдар: Бөжей, Қаратай,
Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Түсіп сияқты кісілер болған. Мұның көбімен Құнанбай бірде
дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жұлқысқан кісілері де осы топтың ішінде. Әрине,
Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол феодалдық дәуірінің, оз тобының бел
баласы. Ісі мен мінезінде заманының талай айқын таңбасы бар. Мысалы, Құнанбайға да
алым, түсім аз болмаған. Ол түсімнің аты - пара. Сол жөнінде Балта ақынның бір сөзін
мысал етуге болады. Балта ақынға бір кездескенде Құнанбай:
Ағалейкумәссалам, ақын Балта,
Болып сен жаралдың ғой, шараң орта.
Шаншар менен Бошанның құртын ұрлап,
Салдырдың оң жағыңа майлы қалта, -
депті. Сонда Балта:
Шарам орта болды ғой шараңыздан,
Есіркесең бөліп бер қараңыздан.
Мен ұрласам құрт пенен май ұрлаппын,
Сіздің жеген арам ба параңыздан? - деген екен.
Осының мысалына Сүйіндіктің бір сөзі де куәлік етеді. Сүйіндік аулы бір жылы жау
түсіріп, сол жаудан олжаға бір жақсы қара ат алады. Қара аттың соғыста шекесіне сойыл
тиіп, басы жарық боп түскен екен. Сонда да Құнанбай қызығып, Сүйіндіктен сауғаға сол
атты сұрата жібереді. Бірақ осының алдында Жуантаяқ руынан Бостан дегеннің аулы
Сүйіндіктің бір айғыр үйірі қысырағын апарып сойып алған. Сүйіндік Құнанбайға
шаққанда, ол Бостаннан бір айғыр алған екен. Соның салдарынан Сүйіндіктің дауын
аяқтатпай жүреді. Жаңағы қара атты енді Сүйіндік Құнанбайға бергелі жөнелтіп жатып:
Айыбында қара аттың басы жарық,
Өзім семіз болғанмен, көңілім арық.
Бостанның қорасына қонар едім,
Құнанбай қор қылмаса айғыр алып, -
деп бір ауыз өлең айтқан. Сол заманнан қалған мұндай сөздер оның шындық айғағы еді.
Осымен қатар көпшілік есінде сақталған аңызға қарағанда, бұрынғы уақыттардан гөрі
Құнанбай тұсында ұрыдан, ылаушы, шабаршыдан ел тыныш болған деседі.
Жалпы өз бағытында жақсылықты ниет қылған анық игілікті істерін алсақ, Құнанбай
жайында ол жөнде де ел әңгімесі көпті айтады.
Құнанбай оқуды, білімді зор бағалаған адам. Ол өзіне біткен баланың бәрін бірдей
оқытумен қатар, қоғамына білім таратып, ұстаздық ететін шет ел адамдарын қатты күткен.
Бұның қолына кеп, қазақпен туысып, анық қазақ боп кеткен әлденеше ұлттың адамдары
бар. Татардан шыққан Ғабитхан, Кішкене молда, Ысқақ тұқымы, Түркістаннан келген
Бердіғожа, Кавказдан келген Ғабдолла (Қазақбай атанып кеткен) сияқты, қырғыздан