Page 194 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
194
случае не традицию русской классики, а прием западной литературы XVIII века,
используемый (весьма редко!) некоторыми из русских писателей.
Однако типично для наших национальных литератур не это. Типично другое:
положительное, прогрессивное, новаторское воздействие книг русских писателей. Не
гоняясь за заманчивым сюжетом, наподобие французских авантюрных романов, советские
писатели братских народов эпически обстоятельно и правдиво воспроизводят типические
характеры людей в их правдивом жизненном проявлении.
И вместе с тем, обогащенные учебой у русской литературы, социалистические по
содержанию произведения лучших наших писателей остаются национальными по форме,
также обогащенной творческим взаимодействием братских литератур.
АБАЙ ӨМІРБАЯНЫНЫҢ
ТӨРТІНШІ НҰСҚАСЫ
(1950)
Абайдың өмірбаяны
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде
1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі - Құнанбай, атасы - Өскенбай, арғы атасы - Ырғызбай.
Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы
аталары Айдос, Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының
атақты жуан биі Кеңгірбай - осы Жігітектің баласы. Қайдостан - Бөкенші, Борсақ тарайды.
Айдос өз басы би де, бағлан да болған емес. Қайта момын, жасық адам болғандықтан, оны
"Шөккен түйеге міне алмайтын жаман Айдос" дейтін мәтел бар. Осы Айдостың Айпара
деген әйелінен төрт ұл туады. Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай.
Айпара ер қайраты бар, есті, адуын әйел болған. Өзінде, бір жағынан, тапқыр шешендік,
бір жағынан, бақсы құшнаштық сияқты сәуегейлік те болған. Айпараның өзінен қалған бір
ауыз сөз - төрт баласына берген аналық сын сөзі. Сонда:
Шынжыр балақ, шұбар төс - Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торы айғыр - Көтібағым.
Әрі де кетпес, бері де кетпес - Топайым,
Сірә да оңбас - Торғайым, - дейді.
Сол шешесі дәме қылған Ырғызбай өзге туысынан анық артық болып, озып шығып,
ортасы дәме қылған жігіт болады. Тобықтының сол күндегі биі Кеңгірбай өзге барлық
жас-желеңнің ішінен Ырғызбайды сынайды. Ел сөзіне араластырып, баулып жүреді. Ол
кез - көп бидің парашыл кезі. "Сыбаға" деп, "жол" деп, мол параны бадырайтып алып
жатады.
Кеңгірбайға да осы жөнде көп жаманат еретін. Соның мысалы байы өлген қаралы бір
әйелдің даусынан байқалады. Ері жанжал - төбелесте өліп, есе ала алмай отырған әйел:
Мойны, басы былқылдап,
Ырғызбай жүрді араға,
Кеңгірбай толды параға,
Параға алған қара атан,
Тігілгей еді қараңа, — деген.