Қазақстанның ашық кітапханасы
183
ерекшеленбегендіктен, олар тобымен бірөңкей суреттелген. Басқа колхозшылар, шалдар
мен жастар болып екі топқа бөлінеді. Осы топтардың ішінде де ерекшелік тым аз.
Айбек пен Мұстафин романдарында екінші қатардағы кейіпкерлерді даралау жағы
әлдеқайда жоғары. Адамдардың сипатын беру жағы Баширов романында одан да терең,
айқынырақ болып шыққан. Авторлар екінші қатардағы кейіпкерлерді көрсетуде фольклор
мен классикалық жазба поэзияның жағымсыз дәстүрінен безіп, жаңаша көрсеткен. Мұны
игілікті табыс деп білуіміз керек. Фольклор мен классикалық жазба поэзияның дәстүрінде
екінші қатардағы кейіпкерлер жосықсыз адамдардың тізбегі, біртектес адамдардың
сыртқы дәнекері ғана деп саналып, оларға өте аз көңіл бөлінетін.
Классикалық орыс әдебиетінің таңдаулы реалистік дәстүрлері жоғарыда аталған
романдардың бәріне де әсер еткен. Мұны айта қалғандай жетістік деуге болады. Бұл
романдардың авторлары француз романдарындағыдай қызғылықты сюжеттің жетегіне
еріп кетпей, адамдарының психологиялық және ісшеңдік сипаттарын, яғни адамдардың
ортақ (типтік) сипаттарын, олардың өмірдегі нақтылы істерімен байланыстырып
көрсетеді.
Аталған романдар авторларының қай-қайсысы болса да орыс классиктері мен орыс совет
жазушыларынан үлгі-өнеге алып, үйренгендіктерін көрсетті. Мұны біз табиғат
көріністерін шынайы суреттеуден, сюжет құрылысынан және біздің биік мәртебелі
жарқын өмірімізді басты кейіпкерлер арқылы, олардың өмір сүріп отырған ортасы
арқылы, өмірдегі жағымсыз көріністерге, өткен заманның сарқыншақтарына қарсы қою
жағдайларынан күтеміз.
Жағымсыз адамдар Айбек романында Аширмат, оның баласы Бақижан сияқты еңбекті
сүймейтін, жатыпішерлер образы арқылы көрсетілген. "Намыс" романындағы Әлипа,
"Біздің заманның адамдары" романындағы Қақылдақ, Шегіртке образы да нанымды түрде
жақсы шыққан.
Өткен заманның көркем прозасындағы дәстүрлер мен әдістерге бой ұрып кеткендіктен
туған сәтсіздік те жоқ емес бұл романдарда. Бұған Мұстафиннің "Миллионер" романында
тауып алған күнделік дәптерді қолдануы мысал бола алады. Жомарт, Жанат, Алмалар
арасындағы қарым-қатынастың шимай-шатпақтарын автор бір сәт Жанаттың күнделік
дәптері арқылы шешпек болады. Бұл - әбден болған, қаусап тозығы жеткен, атам заманғы
әдіс екенін Мұстафиннің өзі де жақсы біледі. Осы әдісті Искандердің талғамай
қолданғанына қынжылып, Белинский былай деген болатын: "Романдардағы әйел
кейіпкерлерді олардың жазу дәптерлері арқылы оқушыға таныстыру әдісі - әбден тозығы
жеткен, істен шығып қалған жалған әдіс - Любоньканың дәптерге жазған сөздерінде біраз
жалғандық бар, оларды әйел жазды дегенге жұрттың бәрі нана қоймайды... Тегінде, автор
бұл жерде өз талантының шеңберінен шығып кеткен екен". Белинскийдің осы сөздерін
Мұстафин кездескен сәтсіздік жөнінде де айтуға болады.
Шолуымыздың ақырында осы романдардың тілі, жаңа сөз мәдениеті жайында толық
тоқталуымыз керек еді. Алайда бұл мәселе осы романдардан көптеген мысалдар келтіріп,
сөз образы қалай сақталғаны жөнінде кең тоқталуды керек етеді. Сонымен қатар ұлттық
түрдің аса маңызды саласы болғандықтан, бұл мәселе толық талдауды және өз алдына
жеке мақала жазуды тілейтін зор тақырып. Сондықтан да біз бұл жерде осы талданып
отырған романдардың тіліндегі аса қызғылықты жаңа бір жайтты ғана атап өтпекпіз. Бұл
романдардың сөз құрылысы екі жүйеге бөлінеді - қарапайым, астарсыз айқын түрде тым
жатық келіп отырады. Сондықтан да сөздері оқушыларға өте ұғымды келеді, халықтың
сөз қазынасын мол пайдаланып айтылған ғибрат, нақыл сөздер де жиі кездеседі.
Мұстафин мен Садықбеков романдарының тілі осындай. Сонымен катар бірсыпыра