Қазақстанның ашық кітапханасы
181
Горькийді, Маяковскийді, Толстойды жиі-жиі айтып, еске түсіреді, әртүрлі адамдар орыс
романдарын, оның ішінде "Жас гвардия" романын оқиды. Бірақ бұл жайттардың бәрі де
әншейін сөз, еске түсіру арқылы ғана беріледі. Мұндай фактілерді авторға өмірдің өзі
айтып отыр ғой. Өмір фактілерін романда көрсету теріс емес. Алайда өзі көрген - білген,
ойлаған, сезген фактілерді кейіпкер немесе автор қалай іске асырды? Бұл сауалдың
жауабын романнан таба алмаймыз. Демек, ол фактілер тек атүсті ойланып айтылған
күйінде қала берген. Аудандық партия комитетінің секретары Сайранов образының тым
сайыз болып шығуы да осы кемшіліктің салдары. Автор Сайрамовты іс үстінде, нақтылы
өмір шындығы арқылы көрсетпей, сөз арасында, адамдармен әр кезде кездескенде азды-
көпті сөйлестірумен ғана жұқалап суреттеп өте шығады. Бұл арада Белинскийдің бір сөзі
еске түседі: "Қайнар бұлақтың астында жатқан тарихи факті тас пен кірпіш сияқты". Бұл
материалдан суретші ғана әдемі үй жасай алады. Амал қанша, Мұстафин мен Айбек өз
кейіпкерлері Жомарт пен Ук тамның еңбектегі қызметтерін суреттегенде, романдағы шикі
материалдарды өңдеп, әдемі үй жасамай, көбінесе, шикі күйінде берген.
Бұл жағдай Баширов романында біраз жақсы көрсетілген. "Намыс" романындағы
аудандық партия комитетінің секретары Мансұров - аса білімді партия қызметкері.
Мансұровтың дәрігер әйелі майданда болады, қызы сурет өнері академиясында оқып
жүреді. Мансұров үйінің қабырғасында Еділдің табиғаты бейнеленген әдемі сурет ілулі
тұрады. Романның кейіпкерлері ғылым мен искусствоның міндеттері жайында қатты
ойланады. Әдебиет пен искусствоның атқаратын қызметі жайында, Нафисаның еңбегін
бұдан да жемісті ету мәселесі жайында олар келелі пікірлер айтады. Нафисаның өмір
жолындағы күресі романда шынайы күйде қиындатылып суреттелген. Нафиса төңірегінде,
оның мінез-құлқын да және қызметінде не түрлі қиын тартыстар болып жатады.
Нафисаның ерінің өлімі, әуел баста сүйген жігіті Зинатқа деген махаббаты, оның бер
жағында, Хайдарды сүйсе де, қоғамдағы өз жауапкершілігін ұғынып, Хайдардан бой
тартуы - романның реалистік әдіспен суреттелген, шынайы қалыпта берілген өзекті желісі
болып табылады. Қайтыс болған ерінің үйіндегі қиыншылықтарға байланысты, жеке -
меншіктілік психологиясынан әлі арылмаған, өзімшіл қатал әкенің Нафисадан безуіне
байланысты - Нафисаның тіршілік жағдайы романда өте шиеленістіріліп беріледі.
Сонымен қатар Нафиса басқарған еңбек қосының күресі де тарихи шындық. Бұ да
Сталинград қаласын жаудан қорғау күресі. Колхозшылардың еңбек майданындағы күресі
сол қаланы жаудан қорғау жолындағы қаһармандық айқас кезінде - сол жазда, сол күзде,
сол Еділ өзенінің жағасында жүргізіледі. Роман композициясын тартқан сымдай тұтас
құру жөнінде Баширов жақсы үлгі көрсетті. Башировтің кейіпкерлері алуан түрлі күреске
бірден назар аударып, өздерінің жігер-қайратын жан-жаққа бытыратып жібермейді. Бұл
романда жеке адамның өз істері мен қоғамдық істер бірімен - бірі мықтап ұштасып, роман
бөлімдерінің ұзына бойына аралас жүріп отырады. Сондықтан да романдағы тартыстар
шынайы түрде суреттелген.
Сөз болып отырған романдарда негізгі тақырыптармен қатар, қосалқы тақырып, яғни
талас-тартыссыз интрига тақырыбы бар. Алайда осы талас-тартыссыз интрига деп шартты
түрде атаған тақырыбымыз жоғарыда аталған романдардың бәріне де өзекті, негізгі
мәселелердің бірі ретінде келіп отырады. Әңгіме басты кейіпкерлер - Сергей мен Ирина
арасындағы, Уктай мен Камила арасындағы, Нафиса мен Хайдар арасындағы, ІІІарғын
мен Бәтіш арасындағы сүйіспеншілік жайында болып отыр. Бұларға Мұстафин
романындағы Жомарт, Жанат, Алмалардың сүйіспеншілік мәселелері келіп ұштасады.
Романдардың авторлары сүйіспеншілік мәселесін кітаптарының басынан аяғына шейін
созады. Тегінде, сүйіспеншілік романдардағы ең қызықты, лирикалы оқиға болып
кеткенге ұқсайды. Айта кетуіміз керек, Бабаевский мен Айбек, біздің ойымызша,