Қазақстанның ашық кітапханасы
180
жібереміз? Пысық, жас жігіт қой, Куницынды - ақ жіберейікші, оларға керегі сондай
жігіт". Бұдан кейін Кондратьев малшыларға жылжымалы киноаппарат жіберуді, көшпелі
кітапхана ұйымдастыру жайын ойлады. Кілең мал шаруашылығымен шұғылданатын
аудан жайын суреттейтін жазушы болмаса да, Бабаевский совет прозасында бірінші
болып, бүкіл елімізде мал шаруашылығымен шұғылданатын, оған қолма-қол басшылық
ететін адамдардың алдына үлкен проблемалы мәселе қойды. Ал "Миллионер", "Біздің
заманның адамдары" романдарының авторлары - жуықта ғана кілең мал
шаруашылығымен кәсіп еткен, бұл күнде де халқының басым көпшілігі мал
шаруашылығымен шұғылданып отырған қазақ, қырғыз колхозшыларының өмірін көрсетіп
отырып, өз кітаптарында осы маңызды мәселені ескермейді. Сыдықбековтың совхоздағы
кейіпкері семіз жылқыларды көріп, сүйінумен болады да, адамдарға, олардың тұрмыс
күйіне назар аудармайды. Мұстафиннің Жомарты құмда бағылып жатқан он мыңнан
астам колхоз малы бар екенін есіне түсіріп, малшылардың тұрмыс - күйін жақсарту керек
деп, сөз арасында айтады да, іс жүзінде ештеңе істемейді.
Бұдан біз өзі суреттеп отырған өмір мен ортаны сипаттаудағы жауапкершілігін әр жазушы
әрқилы ұғынатынын көреміз. Ұлт жазушысы профессионалдық шеберлікке жетілумен
бірге, өмірге белсене араласып, оны тезірек қайта құру жолында күресуге тиісті.
Кейіпкер бүкіл халықтық еңбек майданына араласу үшін, еңбектің әр саласын бес
саусағындай жақсы білуге тиіс. Демек, роман кейіпкерлері де оқып, өз білімдерін
молайтуы керек. Сондықтан да жасалған жаңа жоспарлар бойынша іске асырылатын
жаңалықтарға күн бұрын жетілдіру үшін, кадрларды даярлау мәселесін авторлар мықтап
ойланғаны жөн. Бұл мәселеге өз романдарында Бабаевский мықтап көңіл бөлгенін және
бұл мәселе оның романдарының ұзына бойына жүріп отыратынын көреміз. Ал Мұстафин
мен Садықбеков өз кейіпкерлеріне жаңалық тапқызуды ойлағанымен, сол жаңалықты
табуға оларды күн бұрын даярлауды, яғни кейіпкерлердің білімін, мәдениетін көтеруді
ескермейді.
Осы тұрғыдан қарағанда, Айбек, Баширов романдарында істің жайы басқаша екенін
көреміз. Бұл романдардың кейіпкерлері агробиология, агротехника және басқа
мамандықтар жөніндегі кітаптарды ұдайы оқып, білімдерін толықтырады.
Бұдан ұлттық түр мәдениетін байытуға тиісті болған авторлар да өз білімін көтеру керек
деген заңды талап келіп шығады, өйткені орыс әдебиетінің жақсы үлгілерін үйрену - ұлт
әдебиеттерінің бұдан былай да өркендей беруінің негізгі бір шарты болып табылады.
Бабаевский романдарындағы басты кейіпкерлердің әлгі біз атап өткен табанды, үздіксіз
күресін Баширов романының кейіпкері Нафиса жөнінде де айту керек болады. Нафиса
образы қаһармандық еңбек арқылы барлық жағынан толық берілген.
Мұстафин мен Айбектің кейіпкерлері Жомарт пен Уктай оған керісінше көрсетілген. Олар
творчестволық нақтылы еңбек арқылы бірте-бірте үсігі жетілмей, романның бастапқы
кезіндегі қалпында қалып қойған. Олар, көбінесе, үй ішінде, яғни өздерін ің қарабасына
байланысты сүйіспеншілікте ғана басым көрсетілген. Сонымен қатар Уктай колхоз
өмірінен, колхозшылар тұрмысынан, ауыл шаруашылығы коллективті еңбегінің сан алуан
мәселелерінен және аздап болса да қала өмірінен толып жатқан мәселелермен
шұғылданады. Бірақ осы мәселелерден оның жеріне жеткізе тындырғаны өте аз болып
шығады. Мысалға, оның Ташкентке бару сапарын алайық. Ташкентке бара жатып, Уктай
университетті, Ташкенттегі жаңа салынған Науаи көшесін еске түсіреді, одан әрі
комсомол көлі орнатылған Беш - Ағашты еске алады. Бұл қала күн сымбатты
Өзбекстанның социалистік мәдениетінің ордасы ғой. Сондықтан да оның Уктарға берері
көп еді. Романның басқа кейіпкерлерімен араласып, қарым-қатынас жасағанда Уктай