Page 179 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
179
жақсы көрсетіледі. Сонымен қатар олардың санасындағы ескі ұғымдар жайы да әр
романда түрліше суреттеледі.
Басты кейіпкерлерді іс үстінде көрсету жөнінде Мұстафиннің "Миллионер" романында,
Айбектің "Алтын атыраптан ескен желдер" романында қолданылған тәсілдер, біздің
ойымызша, талас туғызады. Осы романдардың басынан - ақ талапкер, жаңашыл адамдар
болып көрініп, колхозға келген Жомарт та, Уктай да шығарманың өн бойында еңбекке
қолма-қол араласпайды. Олардың істері мен жігер-қайраттары өздері басшылық еткен
ұшан-теңіз көп істердің арасында бытырап кетіп, көрінбей қалады. Олар талай істерді
қолға алады, бірақ айта қаларлықтай берекелі ештеңе істей алмайды.
Мұстафин романында бай колхоздың жаңа бастығы Жомарт небары он ай уақыттың
ішінде түрлі кереметтер жасайды. Автордың көрсетуі бойынша, агроном Жомарт
колхозды өркендетіп, мәдениетін өсіру жөнінде жоспар жасап, оны аудандық партия
комитеті мен колхозшылар мақұлдайды. Осындай жағдайларға сүйеніп, автор бұдан
былайғы жердегі істердің бәрін тез, оп-оңай шешеді. Тұрмыста кездесетін табиғи
қиыншылықтар, кедергі - кеселдер, оларды жеңу жолындағы Жомарттың жұмсаған жігер-
қайраты мен білгірлігін романнан көре алмаймыз. Басталған игі талап бар да, оның
орындалуы тым оңай көрсетіледі. От дарияларынан, ит тұмсығы өтпейтін ғажайып қалың
ормандардан оп-оңай өте шығатын, самұрық құстың қанатына мініп, бүкіл жер жүзін
аралайтын ескі фольклор дәстүрінің әсері бұл. Мұның өзі - қарқынды еңбектің күші мен
поэзиясын жалықпай, нақтылы процесс есебінде терең суреттеу қажеттігі осы әдебиеттің
салтына әлі кірмегенін дәлелдейді.
Еңбек процесін көрсету жөнінде, колхоз деревнясы жайында жазылған жақсы
романдардың бірі - "Алтын жұлдызды жігіт" романында және оның жалғасы - "Жер
бетіндегі жарық" романында жақсы үлгі көрсетілген. Бабаевский романынан біз қажымай-
талмай, белгілі мақсатпен үдетілген еңбекті көреміз. Осы қарқынды еңбек романның бір
кітабынан екінші кітабына ұштасып, басты кейіпкерлердің қажырлы күресіне айналады.
Романның басты кейіпкері Сергей Тутаринов колхозшыларды, аудан басшыларын, бүкіл
аудан халқын таяныш етіп, өз төңірегіне еңбек қауымын топтастырады да, оны бірте-бірте
ұлғайта береді. Басты кейіпкер
Тутаринов еңбек қауымымен қоян-қолтық араласып, бірте - бірте өсіп, үнемі ілгері
басумен болады.
Романдағы басты кейіпкерлердің бірі - аудандық партия комитетінің секретары
Кондратьев бір игі іс жайын ойлағанда да, біреудің кемшілігіне сын айтқанда да, барлық
істерде де, жаза баспайтын, асқан ақыл иесі, таңдаулы партия қызметкері. Кондратьев,
көбінесе, бүгінгі күннің фактілері мен міндеттерінен озып, болашаққа көз жібереді.
Колхоздың мал шаруашылығын қайта ұйымдастырып, жақсарту жөнінде маңызды, соны
пікірлер айтқызады автор оған. Жазушы өзінің романы арқылы партия мен халыққа
көмектеседі, өз шығармасын қоғамдық көрініс дәрежесінде ғана қалдырмай, сол арқылы
өз халқының тұрмысын қайта құру ісіне белсене қатынасады. Мысалы, Кондратьев
таудағы малшыларға барып қайтқаннан кейін, өзіне ешкім арыз-өтініш айтпаса да,
малшылардың тұрмысы жөнінде терең ойға кетеді.
Бір жағдай оған ұнамады - малшылар станциядан қашықта жатыр. Оларға газет сирек
келеді, кино да, радио да жоқ, еліміздің өміріндегі аса маңызды жаңалық хабарлардың өзі
малшыларға екі апта, тіпті үш апта кешігіп жетеді. "Газетті күн сайын жеткізіп тұру керек,
- деп ойлады ол, ат үстінде шайқалып, бар денесі ауырып келе жатып. - Ертең поштамен
сөйлесемін... Ең болмағанда, салт атпен адам бөлерміз. Радиоторап орнатсақ... Оларға
лектор жіберу керек. Кімді жіберсек екен? Куницын мен Сагайдачныйдың қайсысын