Қазақстанның ашық кітапханасы
177
арқылы беріледі ("Біздің заманның адамдары", "Алтын атыраптан ескен желдер", "Намыс"
романдарында).
Бұл жөнде ұлы орыс мәдениетін, ұлы орыс халқын, оның өткен замандағы, осы күнгі
атақты адамдарын сыйлап, қадірлеу сүйсінерлік жағдай. Осы идеялық - творчестволық
тұрғыдан қарап, жазушылардың барлығы да орыс адамын жағымды кейіпте суреттейді.
Орыс адамдарының образын жасауда екі түрлі жол, екі жүйелі тәсіл - әдіс бар екені
байқалады. Біріншісі - көпшілікке кең таралғанымен, талас туғызатын даулы әдіс. Бұл әдіс
бойынша суреттелген орыс адамы - өзінің ұлттық сипаттарынан жұрдай болып, басқа
ұлттың адамына айналады. Орыс адамының бұлай суреттелуін - осы халықтың арасында
көп жылдан бері қарай өмір сүруі, тілін, әдет-ғұрпын мүлтіксіз білуі сияқты себептермен
дәлелдейді. Осындай ерекшеліктің салдарынан орыс адамы өзінің жүріс-тұрысында, мінез
- құлқында, ой-санасында және сөйлеген сөзінде өзінің ежелгі ұлттық сипаттарынан мүлде
айырылып қалады.
Сыдықбековтың "Біздің заманның адамдары" романындағы Дмитрий ұста, оның әйелі
Надежда Сергеевна, балалары Сергей мен Мария айна-қатесіз қырғыз болып шыққан.
Мұны өрескел кемшілік деуге болмайды, бірақ осы сияқты жеңіл-желпі тәсілмен суреттеп,
жазушы орыс адамын көрсетудің қиын әдісінен, біздің ойымызша, игі міндеттен - орыс
адамын орыс қалпында, ішкі дүниесіндегі, мінез - құлқындағы өзіне тән мол
қасиеттерімен, орыс халқының бойына біткен ерекше асыл сипаттарымен суреттеп беру
міндетінен қашқақтап, бой тартқан. Анығырақ айтқанда, жазушы орыс адамын өз
халқының адамдарымен аралас суреттеп, өзінің жаңа кейіпкерлерін шартты түрде оңай
бейнелейді, сөйтіп, романдағы қырғыздың санын көбейтумен тынады. Халықтарымыздың
арасындағы орыс адамы - жоғары дәрежелі озық мәдениет пен үлгі-өнеге боларлық
алдыңғы қатарлы дәстүрлерді халыққа тарататын бейне екенін естен шығаруға болмайды.
Орыс адамын "өңін айналдырып" суреттеу Садықбековтен басқа жазушыларда да жоқ
емес. Өзінің "Сырдария" романының алғашқы нұсқасында Сәбит Мұқанов Анатолийді дәл
солай суреттейді. Бұл романда Анатолий ұлт айырмашылығынан жым-жылас айырылып,
бүтіндей өзгеріп кетеді, өзбек қызына үйленіп, қызы Гүлнарды қазақ салтымен өсіреді.
Бұл образдың бір жағымды жері - Анатолий қазаққа айналып кеткенімен, орыс халқының
ұлы мәдениетін таратушы, уағыздаушы адам қалпында қалады, егістік жерді
суландырушы маман ретінде шөл далада суды молайтуға бастаушы болады.
"Шығанақ Берсиев" романының (қазақ тіліндегі нұсқасы) кейіпкері Иванды Мұстафин де
дәл осылай суреттеген. Роман орысша аударылғанда Мұстафин бұл кейіпкеріне қазақша
ат қойып, оп-оңай қазаққа айналдырды.
Басқа ұлтпен бірге өсіп, біте қайнаған орыс адамын суреттеуде Айбек өзінің "Алтын
атыраптан ескен желдер" романында дұрыс әдіс тапқан. "Намыс" романында Баширов та
біраз дұрыс суреттелген.
Орыс агротехнигі Акаскинді, суландырушы - инженер Астаховты, оның әйелі Галяны,
олардың жүз процентші - мақташы өзбек қыздарымен қарым-қатынасын шынайы
суреттеумен Айбек ысылған, мәдениетті шебер жазушы екенін танытты. Акаскин де өзбек
арасында он төрт жыл тұрып, өзбек тіліне әбден жетілген адам. Алайда жүз процентші
өзбек қыздарына тәжірибелі, ақылгөй аға, жанашыр дос болып жүріп-ақ, мінез-құлқын да
болсын, адамдармен сөйлескенде болсын, ол өзінің орыстық қасиетін сақтайды. Саксон
ата сықылды өзбек шалдары, бүкіл өзбек жастары Акаскинді де, Астаховты да осындай
тамаша қасиеттері үшін аса ардақтап, қатты сыйлайды.