Қазақстанның ашық кітапханасы
173
әдебиетінің жетістіктерін жұртшылыққа жариялап отырған альманахтың бұл әдетіне
қынжылмасқа болмайды. Алайда бұл альманах ірі шығарманы екі санына бөліп баса
алмайтын болғандықтан, біржола сыйғызуды көздейді де, шығарманы шағындап,
қысқартып басады. Б.Кербебаевтың "Шешуші қадам" романының түпнұсқасы 40 баспа
табақ еді, ал альманахта небары 10 баспа табақ көлемінде басылды. Башировтің"Намыс"
романының көлемі 31 баспа табақ еді, альманахта 10 баспа табақ көлемінде қысқарып
шықты.
Оқтын - оқтын шығып тұратын журналдар мен альманахтардың ерекше жағдайларымен
санасып, ұлт авторларының шығармаларын өз бойларына шақтап басқанына лажсыз
көнейікші; тіпті балаларға арналып шығарылатын ерекше нұсқаларын өзгеше өңдеп,
көркем аударманың құнын сақтай отырып қысқартып, балаларға лайықтап басуды да
заңды, орынды іс делік. Ал енді, "Мемлекеттік көркем әдебиет" баспасы, "Совет
жазушысы" және басқа беделді баспа орындары кейбір ұлт жазушыларының
шығармаларын құлдырата қысқартып, автордың да, оның шығармасының да шынайы
сипатын одақтық әдебиет оқушыларына жете таныта алмауы жағымсыз, жаман әдет.
Мәселен, С.Мұқановтың 45 баспа табақ "Жұмбақ жалау" романы орысша аудармасында
"Ботагөз" деген атпен 25 баспа табақ көлемде басылып шықты.
Бұдан шығатын қорытынды қандай болмақ? Ең алдымен, әлгі жал-құйрығы күзеліп,
құнарлы қыртысынан жұрдай болып басылған сыла шығармамен бірден танысқан совет
оқушысы сол кітапты оқығанда да, тіпті сын мақалалары мен рецензиялар арқылы да
ойдағыдай таныса алмайды. Немесе 6, 10, 20 баспа табағы қысқарған роман өзінің
мазмұны мен көркемдік құны жөнінен қыруар шығынға ұшырайды; оның бер жағында,
бір романға, яки бір повеске бодау боларлық көлемін жормай, немесе лажсыздан сылып
тастаған шығарманы оқушы, бас-аяғы толық және түпнұсқасында шала-жансар жазылған
әлсіз шығарма екен деп білетін болады. Демек, бұрынғы заманда проза жанры болмай
келген өз ұлтының әдебиетінде көбінесе жаңашыл болып көзге түсіп, оза шауып, жүлде
алып жүрген ұлт авторы - прозаик, көркем сөздің шебері болу мәселесіне жеткілікті көңіл
бөлмейді екен, өз шығармасының мазмұны мен идеясын сомдап соғатын түр жөніндегі
жауапкершілігін онша елемейді екен деген жаңсақ ұғым туады.
"Адам жанының инженері" болу дегеніміз, - дейді Жданов жолдас, тілдің мәдениетті
болуы үшін, шығармалардың сапасы үшін белсене күресу болып табылады... Бізге аса
шебер жазылған көркем шығармалар керек... Аса шебер жазылған, жоғары идеялы,
көркем мазмұнды шығармалар жасаңыздар!"
Москвадағы баспа орындары ұлт авторлары шығармаларының жолма-жол аудармасымен
жете танысып, кітаптың көркемдік жөнінен кемшін соғатын жерлері болса, түпнұсқасы
бойынша автордың өзіне желдіртуге тиіс. Өйткені аудармашының міндеті қосалқы автор
болу емес, аудару ғана ғой! Орыс тілінде басылуға ұйғарылған ірі шығармалардың
романға, яки повеске бодау болғандай көлемін қысқартқанда, әр жерін сызып, бөліп алып
тастамай, сол шығарманың тексін қалай болса солай игеріп, өз беттерімен кетеді, тіпті
дәлме-дәл аудару дегенді естен шығарып, ондаған беттерін сықпалап әкеліп, аядай жерге
сыйғызып жібереді...
Ендігі бір міндет - шеберлік мәселесіне, социалистік реализм шарттарына сай келетін
қатаң түр мәселесіне ұлт республикаларының жазушылар одақтары, олардың баспа
орындары және шығармалардың редакторлары талапты күшейтуге тиіс. Өйткені бұл
талаптар аса шеберлікпен ғана орындалмақ.
Алайда жаңағы айтылған азды-көпті пікіріміз ұлттық түр проблемасының өзекті саласы
емес екенін ескерте кеткіміз келеді, өйткені шығарманың жосықсыз ұзақ болуы,