Қазақстанның ашық кітапханасы
161
бақыт, теңдік күнінде өрлендіре, өршелендіре бастырады. Ақындық еңбегінде мұндай
өнімді сарын тауып отырған ақын, әрине, өзінің тарихтағы орны мен маңызын қамтамасыз
еткен ақын болмақшы. Әр ақынның осындай өзіндік пішіні, осындай барлық еңбегінен
туатын тұтас, үлкен қорытындысы болса екен дегізеді. Мұндай дұрыс жолдағы
революциялық тәкәббәрлікпен сол ақынды шығарған орта тәкәббәрлене алады.
Сәкен ақындығының екінші зор қасиеті — шыншылдығы. Оның шығармаларына біткен
сезімнің барлығы да айқын, ашық. Тұтас бітімді, жоталы тұлғадан туатын көрнекті,
бүтіндігі бар сезімдер. Белгілі шығармаларынан өлеңін, әңгімесін, поэмасын алсақ —
барлығында да сүюі 30 мен ашуы, ырзалығы мен наразылығы, үміті мен күдігі әрқашан
барынша шын сезімнің толқыны боп білінеді. Сонысымен әсерлі де, күшті боп шыға
алады. Өз ішінде тұрған көңіл күйін оқушыға жеткізіп, қондырып ұқтыра алады.
Лебімен тартатын өнімділік, ұтымдылық табады. Шыны қайда, өзі қайда екенін
білдірмейтін, жаза баспайтын, ішіне тығынған кедір-бұдырсыз тақ-тақ жолдың ақыны
Сәкен емес. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша
шын сезім, шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан
кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар — шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы.
Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса осындай қайнар
көзден шығуға ылайық. Біздің бүгінгі әдебиеттің әлі заманымызға сай үлкен обобщениені
5
жеке-жеке, ірі шығарма түрінде бере алмай келе жатқаны мәлім. Жиырма жылдан басып
өтіп, күш қуаты шын толған кезіне, кемеліне жеткен Сәкеннен енді сондай қорытынды
еңбектерді күтеміз. Соны бере алады деп сенеміз.
КЕЙ ПЬЕСАЛАР ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІМ
1. "Жорық" туралы
"Жорық" қызық пьеса боламын дейді. Мақсұты мен мазмұны соны түйін қылыш ұстанған.
Өзінше сайтаны мол демоническая натура шығатын бір жазушының сол идеясын
ақтағандай болады. Кіндік тақырып осының басы мен ісі бар пьесадағы драмалық тартыс
(драмат, борьба) түрін қалайтын өзгеріс (перипетейные перелом) әңгіменің өрістеп
өскелеңдеуі (нарастание) барлығы да осы бір-ақ адамның басына байланған. Өзгенің
бәрін, сол адамдардың халдарын алсақ — мынаған берілген жалпы фон есепті ғана
боларлық, волевое устремление шын нәрсені өзгертпейді... Зауыр ортамен алысушы ғана,
бірақ Зауыр қалай төңкерілсе, барлық оқиға, барлық драмалық хал (интрига), тартыс та
солай тұтасымен жөңкіле берді. Зауырдың өзін алсақ, негізінде ол құр ғана злодей. Бұның
төркіні Еуропаның бағы заманнан бергі ұрылар әңгімесі детективный романтика
пьесалары. Біздің жазушы қызық әңгіме құрам деп, сондай саптан мінезді адамдарды
іздегенде Қазихан образы жаңағы епті ер, сұрқия ұрыға кездескен. Ол адамды қазаққа
таман жақындату үшін ұзын татар қылған, бірақ татар топырағына көшіргенмен, бұл
кейіпкерді қазаққа түсінікті қылам деп, бірталай зорлықты керек қылатын сияқты. Екінші
заманға біздік заманның актуальный шарттарына жақындатамын дегендіктен, оның
қарсысына, айналасына кеңес қызметкерлерін, ортақшыларды қосып, істері партизан
соғысын мезгілінде кеп меңгермеген. Бірақ негізгі тема Зауыр боп, соның сыртқы істеріне,
қылықтарына көңіл көп бөлінгендіктен, мына кірістірген саяси қоғамдық тақырыптардың
барлығы жетер өрісіне жетпей, аларлық орнын ала алмай қалған. Тілесе Зауыр Чека
қолынан қашып құтылады, жаралы партизан Ақатты өлтіріп, документін алады, Қанашқа
өзін танытпайды, зауытты тілегенінше бүлдіреді. Өзі бұзық жолдасын қасынан тастамай,
өзімен бірге кетіреді, Мадинаны подвалға тастайды, тіпті бірде бір тосқауыл, бөгет жоқ,
алдынан дүние жапырылады да жатады. Осының бәрімен не дәлелденбек, не көрсетілмек?
Пьесаны қызық қылу не бағаға түссе де мақсұт сол. Сол үшін Зауырды шалқыта беру