Қазақстанның ашық кітапханасы
162
керек болған. Сол күйде және Зауырда злодейліктен басқа жоқ. Бай баласы деген сөз бар,
бірақ, таптық, қоғамдық идеясы, ортасының идеологиясы, психологиясы бар. Толық
психологическая емес, жамандыққа жеткен жалаңаш волясы ғана бар. Бұзық одиночка
жауды жау қып көрсетпек болғанда бұдан кең, бұдан мазмұнды, қайғысы мол жау қып
көрсету керек. Болмаса құр ғана бір Тоқташқа қадалған жалаңаш воляны ғана көрсету,
қызық бұрылысты жау ізін ғана көрсету тақ Американың киносы, Еуропаның орта
ғасыры. Әңгімелер декоратив, детектив боп шолтайып қалады.
Қазіргі пролетариат драматургиясы құр ғана қызық пьеса емес, алдымен умная пьеса
керек дейді. Мынау осының алдыңғысын ғана таңдаған сияқты. Көрмеге қосуға қызық
пьеса болады, әсіресе, біздің шала піскен, сыны аз керушілер қызық көреді. Бірақ бұл
үлгідегі пьесалар еуропа, орыс сахнасында жаңалық емес. Қайта ескіріп, заманы өткен
ескі, соңғы замандарда олар қойылса...
2. "Қанжар" туралы
Пьесаның әңгімелік жағы, салт-санасы, драмалық техникасы жаман емес, кейбір
түзетулермен ойнауға болатын сияқты. Сахнадан жеңіл, көрушіге қызық көрінерлік
қызыл-жасыл, жарқ-жұрқы бар пьеса. Бірақ оқиғадағы әсер жалпы аудармаға ұқсайды: тілі
де, адам мінезі де кавказ тұрмысынан алынып жазылған.
Бұрынғы үлгідегі орыс жазушыларының сарынын еске түсіреді. Кавказ реально кавказ
емес, экзотика кавказ, жарқылдақ, бұрқ-сарқ өмірін көрсетудің ізімен кетеді; бәр-бәрінде
өмір тым-ақ арзан, тым-ақ соншалық ойыншық, елеусіз сияқты. Сондықтан екі ауыз сөзге
келіспей қанжар, бір айналыспай мылтық суырысады. Екі жіктің арасында атыс-шабыс
өткен (бірінші сурет атысумен басталады), ол — елдің мінезі болған уақытта бір жіктің
ішіндегі адамдардың арасында да сол негізгі мінездің ұшқыны өзінше ерекше күйде
тексере бермейді. Бұлар өз арасында тым жұмсақ, тым сезгіш, нәзік. Пьесада атыс-шабыс
сонша көп болса да, жазушы қанағаттанбай бір суретті екі жақты сызып қойып, тіпті
перестрелка да жасайды. Қолда мылтық, белде қанжар, аста жүйрік — тау-тасты
шапқылап, кезіп жүріп иек артпа қақпатастан тарсылдатып атып жататын жат мінезді
Абректер, кинодағы Абректер еске кеп түседі.
Бұл күнде кавказдағы құлақ, бек болса да қулықпен, еппен алысатын болған. Оларды
бадырайтып жасантып кеп соғысын аштыру әлгі экзотика бетімен кету болады. Жауды
айламен қаруландырып, шебер тартысқа кавказша салмай мылтық, қанжармен
қаруландырып, тура физический тартыс — тасырлыққа салыну пьесаның ішкі мазмұнын
сұйылтады. Дұрысы, адамдардың мінезі реально болмай, романтично болуына себепті
болғандай көрінеді. Осы геройы жағын көп кестелеу арқылы бүгінгі қоғамдық, колхоздық
тақырып, сол колхозды тудыру, өсіру, сол үшін алысу, тақырыбы күнделік саяси,
шаруашылық тақырып болмай, бар жат, ұғымсыз ортаға түсіп кеткен сияқтанып тұрады.
Бұл салт-саналық та, саяси да мін сияқты.
ЕҢБЕГІМ - ҰЛЫ ОТАНЫМДІКІ
Партия мен үкімет менің шағын еңбегімді мұншама жоғары бағалады. Турасын айтқанда,
бұл қуанышты хабар мен үшін мүлде күтпеген жерден болды десем, оным дұрыс болмас
еді. Өйткені мемлекеттік, қоғамдық өміріміздің қай саласында болсын, совет
адамдарының еңбегі жемісті болып, көзге түскендей болса - ақ, ол еңбекті Отанымыздың
қалай да бағаламай қоймайтыны сөзсіз. Бізді халқымыз, партиямыз, үкіметіміз осындай
кәміл сенімге баулып, үйреткен. Сөйтсе де, әрбір жеке қуаныштың өзіндік сыры, әсері,
өзіндік мағынасы болатыны анық. Осындай өзімше кейбір талдау жасай келіп, менікі
өзімнің достарымның қуаныштарынан да біраз асып түсе ме деп таптым. Мен үшін, менің