Қазақстанның ашық кітапханасы
160
Бұл алып адамның мәңгі еңбек жолына сарп етілген тұрмыста сирек ұшырайтын үлгілі
өмірі — біз үшін мәңгі өшпестік шамшырақ болсын.
Қош бол, құрметті, сүйікті Алексей Максимович!
ШЫНШЫЛ, ТӘКӘББӘР
1
АҚЫН
Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім,
істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында
жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті,
жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті.
Еңбек дүниесінің күні тумай, шөл ғасырлардың кер заманы меңдеп тұрған күндерде
шығып, тарихи сын күндерде кері кетпей, өмірдің тарту, әуелгі адамның өзінде-ақ "оңай
жол болайын" деген жоқ-ты.
Осы жиырма жыл бойын басып озып отырған ақын еңбегіне, сыншы да, тарихшы да емес,
жай қатардағы оқушы есебінде көз жіберіп қарасаң, өзгеде жоқ екі түрлі ерекше, ірі
қасиеті басымдап айқындана шығады. Мұның біріншісі — жалтағы жоқ шыншылдығы.
Екіншісі — ақындық тәкәббәрлігі. Жай мінез машығын айтпаймын, ақындық еңбегінің
сипатын айтам.
Ең әуелі тәкәббәрлік дегенге тоқтасақ: бұл сөз қазақ құлағына тосаң тиетін, өзінің нәрлі,
жақсы мағынасынан айрылған сөз еді. Оның тарихи себебі де бар еді. Отар күні, ошарыла
басқан құлдық күні болатын. Құлдық психологиясын елге мінез етіп басқалар: хан, төре,
би, болыс, чиновник — тілмаш, ескішіл, байшыл ұлтшылдар егіп еді. Жалыну мен жағыну
үстінде де өз күндерін кешіп еді. Адамның шын адам мүсінін көрсететін, өз басын
"өзгеден кем емеспін, теңмін" деген сенім, санаға жеткізетін, қадырлы сипат —
тәкәббәрлік аналар тұсында сөнген, солған еді. Ол тіпті айыпты мінез, шам сөздің
мағынасында қалып еді. Октябрь революциясы, Ленин жолы бізді, міне, мақтандыратын,
тәкәббәрлендіретін күнге жеткізіп, одақтың сүбе елінің бірі етті.
Пролетариат революциясының басынан басталған партия тәрбиесі бүкіл дүние
еңбекшілерімен қатар Қазақстан еңбекшілеріне де: "Дүниеге өзің қожамын деп біл",
"Бұқпантайлама, ер көкірек бол" деп, көптен баулып келеді. Әрбір елдің елдік қасиетінің
іргесі соған тірелуші еді.
Міне, біздің әдебиетте қаламының буыны беки бастағаннан бері қарай осы қасиетті берік
ұстанған жалғыз ақын — Сәкен. Тәкәббәрлікті жақсы мағынасында танытып, әдебиетте
де, ой-санаға да сіңіріп келе жатқан еңбегі айқын.
Жақсы мағынасында дегенді баса айтамын. Өйткені, "Арыстанмын", "Күнмін",
"Пайғамбармын"
2
деп, қоғамнан, тарихтан қағылып қалып, далада истерикамен
3
жалғыз
өзі шабынғандікін біз жаңағы айтып отырған тәкәббәрлік демейміз, истерика дейміз.
Ал, Сәкеннің ақындық асуларында, әр жотадан атой бергендей, тәкәббар сөз үндері:
"жабы емеспіз, тұлпармыз", "құладін емес, сұңқармыз" деп, бұрынғы өткен тарихқа,
бүгінгі оянған табына, езілген еңбекшілерге дабыл ұрады. Бұл сияқты тәкәббар үнінің
өскелеңдеп, үдеп келген бір тұрғысы — "Альбатрос"
4
заманының қасарысып соққан
дауылына қасқиып ап, қанатымен қар сабап, қарыса ұшқан "Альбатрос" анау. Сұңқар
"тұлпардың" екінші аты. Ол — СССР. Тәкәббәрлікпен қарысқан СССР. Сәкен өзімен, өз
басымен тәкәббәрлік етпейді. Табымен, Отанымен тәкәббәрлік етеді. Олардың да алысқа
құлаш ұрған ізімен, қиынға самғаған қанат қағысымен тәкәббәрлік етеді. Соны біздей
бұрыннан ылғи жасандық, бәсеңдікпен келген елдің көкейіне көбірек сіңіріп, бүгінгі