Page 157 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
157
Қазақта әнмен қатар халық композиторлары шығарған толып жатқан күйлер де бар. Бұл
не қоғамдық, не салт бастың мұңын айтқан әңгімелі эпос үлгісіндегі музыка. Күйдің
бірталайы қазақ елінің легендасын да баян етеді. Мінеки, музыка театрының өнер табу
жолында ізденуіне үлкен қор болып отырған негізгі ірге тас осындай халық мұрасы. Бұл
елдің төңкерісшіл жаңа көркем өнер құрамын деген талабының уақытында, алғашқы
кезде, осындай ел көңілінде, ел аузында сақталып келген күй мұраларының керекке
жаратылмай шетте қалуы мүмкін емес еді.
Музыка театры осы екі мұраны дұрыстап баурап алып, мағыналандырып пайдалануды өз
ісінің ең басынан 1933 жылдан бастады. Содан бері қарай театр бір ойынынан екінші
ойынға ауысқан сайын халық музыкасын барынша кең, терең түрде пайдаланумен келеді.
Әнді өрнек салып, ажарлап, жаңа мазмұнмен байытар, көркемдігін асыратын жаңалықтар
қоса отырып, сол ескі мұраны Европаланған жаңа театрлы мәдениеттің бір үлкен
жәрдемшісі етіп алды. Халық мұрасын көркемдеп, мағыналандырып пайдалану өзінен өзі
де бір үлкен тарихи-мәдени адым болумен бірге бұл жұмыс, осы іргеден жаңа төңкерісшіл
музыка туғызуға, нағыз үлкен қазақ операсын туғызуға да үлкен әзірлік сияқты болып
танылуы керек.
Бірінен-бірі мазмұнымен жақын боп, ырғақ, сарын жағынан бір бітімдес болған халық
әндері бұрын жеке-жеке тіршілік етсе, қазір тұтас мазмұн арқылы біріне-бірі қосылып,
туысып алып, музыка театрының сахнасынан бүгінде үлкен, тұтас, бір тұлға, бір бітімді
әңгімелі шығарма есепті естіледі. Сондай еппен, шеберлікпен құралған мазмұны, ырғақ
толқыны бір бітімді әндер қазір музыка театрында қазақ тыңдаушысына нағыз жаңғырар,
жанданған шыны халық туындысы сияқтанып сезіледі.
Бізге мұра болып қалған халық әнінің мол байлығы бұл заманға шейін ешбір түрде
пайдаланылмағандықтан, қазірде сол қордан үлкен драмалы, терең лирикалы, қоғамдық
терең сырлары талай асыл бұйымдарды теріп алуымызға мүмкіндік беріп отыр. Ән, күй
жөнінде халық қорына сүйенген музыка театры өзінің алғашқы адымында сюжет-
драмалық негізді де, тақырыптың біразын да сондай қазақ көпшілігіне мәлім болған ел
эпосы мен елдің тарихи жырынан алды. Театрдың тұңғыш постановкісі музыкалы
комедия "Айман — Шолпанның" (осы аттас тарихи жырдың мазмұнына құрылған пьеса)
театрдың барлық ісін, барлық бет пішінін көрсетіушіге өте ұғымды, өте жақын ғып
көрсетті. Сонымен қатар кешегі күні, ел басынан өткен халдер ішінде асылымсып-
ардақтымсып өткен батырлық-рушылдық тұрғыларына қарсы арналған музыкалы
мысқыл, ашу есебінде сезілді. Театр ойындарының ішінде қазақ көрушісіне өте жақсы
көрінетін көрнекті постановканың бірі — "Шұға"
1
. Ол өткен күндегі қазақ әйелінің
қайғылы халін баян етеді.
Халық әнінің, әсіресе, көркем, көрнекті боп шыққан бір түрі, қазақ көпшілігіне өте айқын
мәлім болған сырлы-шерлі, эпос поэмасы "Қыз Жібекті"
2
әндетіп сахнаға қоюда өте айқын
көрінді. Ішкі дүние ой-сезімі бай боп біткен айқын әйел образы "Қыз Жібек" еді. Оның
бойына біткен өнері, өткен заманның әйелін езген қоғамдық салттағы шарттармен
қарысып, алысып көргендігі. Музыка осы жайларды барынша әсерлі етіп, терең
трагедияға айналдырып көрсете алды.
Бірақ, музыкалы театр жалғыз эпос ауқымында қалмай, сол халық әнінің жәрдемімен
өзінің соңғы постановкісінде зор мазмұнды, қоғамдық маңызы үлкен халық драмасын да
күйлеп көрсете алды. Бұл түрдегі музыка спектакілі — "Жалбыр"
3
. Ол тұтасымен 1916
жылы патшаға қарсы алысқан атақты қазақ көтерілісін көрсетуге арналған шығарма.
Осы постановканың барлығына кіргізілген халық әндері, тарихи жағынан, мазмұн
жағынан алсақ та яки бір сарын, бір ырғақтас бітім жағынан алсақ та, тұтас дауысты