Page 156 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
156
мазмұны халықтың ұғымына бойлай алмайды. Сәбит туралы айтатыным. Ол өте асығыс
істейді. Жылдам жазады. Соның нәтижесінде бір жазылған нәрселері екінші қайтара
жазылмай басылып кетіп отырады. Жылдам жазу оның өнерлі екендігін көрсетеді, бірақ,
шапшаңдықпен сапа тумайды. Оңай туған сапаны мәдени тарихта есіткен емеспін.
Бейімбет өзінің бір жазғанын қайта-қайта тексереді. Бейімбеттің "Қоңсыларын" 32-жылы
оқыған едім. "Аманкелді" пьесасына көшіріліп отырған бұрынғы Бейімбеттің "Шабуыл"
дегені еді. Ол "Шабуыл" күшті болып шықпай асыққандықтың жемісі еді, "Аманкелді"
күшті болып шығып, бірінші қатардан орын алғалы отыр. Жазатын адамның бірі —
Бейімбет. Сәбит шығармалары жөнінде — жазушы техника жағынан проза шығарып жаза
алатынын көрсетіп отыр.
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ МЕН МУЗЫКА ТЕАТРЫ
Бүгінгі Қазақстандағы мәдениет төңкерісі өлкенің барлық еңбекші жұртшылығын
қуантып ырза қылғандай көп-көп табыстарға ие болып отыр. Өлке мен елдің бұрынғы
ешбір тарихында болмаған мәдениет табыстары, жаңа төңкерісшіл жас жұртшылықтың,
өнер таппақ болып, қанат қаққан талабы қазір де көркем өнер саласында да, жаңалық
үстіне жаңалық туғызып келеді. Халықтардың көсемі Сталин жолдастың Қазақстан
еңбекшілерін мәдени тәрбиеге молықтыру жөнінде өзі нұсқаған бағыттары қазіргі күнде
Мирзоян жолдас бастаған өлкенің жаңа басшылығының уақытында толығынан жүзеге
асып отыр. Сондайлық үлкен тарихи маңызы бар ірі бағыттағы ірі жаңалықтың бірі —
қазақтың мемлекеттік музыка театры. Бұл театрдың қазіргі қалпында алдымен
айқындалып көрінетін ерекшелігі: ән, күй негізінің тұтасынан халық қорынан
шыққандығы.
Еңбекші елдің өткен күндегі ауыр халін, сол елдің қиял сезімін әдей терең күйде, айқын
түрде сақтап қалған ешкім де жоқ. Тіпті, қазақ елінің көп ғасырлық ой мәдениетінің
куәләрі болған, бай эпосы мен фольклоры да сезімінің тереңдігі, өрнегінің шеберлігі
жағынан әннен төмен түсіп отырады. Әрбір орташа әншінің қолында жүздеп саналатын;
арнап жинаушы болған адамның қолында мыңдап саналатын қазақтың халық әні,
рушылдық-бекшілдік ескілігінің шөл ғасырларынан, отар құлдығынан нелер алып өтті?
Ол осы әнді туғызып, сонымен жұбанған еңбекші адамның қиялы мен үмітінің өшпес
жанар отын жоғалтпай алып өтті. Шынында да, туғанынан бастап өліміне шейін өтетін
күйін алсақ, қазақтың өмірінде әннің ілесіп жүрмеген ешбір үлкен кезеңі жоқ деуге
болады. Оның өмірінде не ғұрыптан туған ән, не үй іші тұрмысы салтынан туған ән, не
болмаса өз өнері арқылы өз жанынан шыққан әндер ылғи егіз болып ілесіп отырады. Ән
ғасырлар түкпірінен қайғылы хал баянын бізге жеткізді.
Қырық руға бөлініп кескілескен шабыс қияли қиқу күндерін де, өртенген үміт, қаза тапқан
жас буын жайын да баян етеді. Біздің күндерге шейін жеткен ән, төңкерісшіл буынға
патшалық зорлығымен алысып өлген отар құлдарының ереуілі мен тартысын, қоғамдық
мұңын баян етеді. Өзінің терең сезімді әндеріне қазақ әйелі де көп қайғы, көп күйігін
бөлеген. Көп қатын алу, қалың мал, әмеңгерлік сияқты қорлық салты мен шариғат әдет
дегендер қинаған жас әйел мен ана әйелдің зарларын да әнмен табамыз. Қалың бұқара
ішінен шығып, бұрын атағы мәлім болмаса да өз ішіндегі өнермен тебіреніп талай көркем
өнер белгілерін тудырған ақын қазақ, ақын әйел мұралары да әнмен жетіп отыр. Еркектен
шыққан ақын күйшілермен қатар әйелден шыққан да талай шерменде өнерпаздың аттарын
кейінгі ұрпаққа мәңгілікке қалдырып отырған да ән. Солардың заманына ырза болмай
күйікпен күңіренген жерлерінің ішінде терең сырлы махаббат лирикасы да, көңіл күйінің
лирикасы да яки, табиғат лирикасы да молынан көрінеді. Ереуіл ән мен кекесін ән,
лағынат оқу әндері сияқты талай халық жүрегінен шыққан әндер сол өмір үшін алысқан ел
қорынан табылады.