Page 158 - МҰХТАР ӘУЕЗОВ. Мақалалар, зерттеулер ІІ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
158
музыка болып көрінеді. Онысы әр бір жеке образдарының әнмен шешілетін әңгімелік
сүрлеуінен де басынан ақырына шейін өскелеңдеп, айқындалып көрінеді.
"Қыз Жібекте" Жібек ариясы әуелде көңілді, үмітті тоннан басталып, бері келе күдік пен
қайғыға ауыса барып, ақыры үлкен трагедиямен жадырайтын болса, сол сияқты
"Жалбырда" Қадишаның ариясы да, біртіндеп барып өскелеңдей келіп, өзінің правосы
үшін алысқан, қаза шеккен елдің үлкен тартысының терең толқынды лейтмотивіне
айналады. Театрдың негізгі қалпы, алғашқы кезде театрға алынған әншілердің де жай
қалпын өзінше белгіледі. Бұл әншінің көбі бұрынғы халық ішіндегі профессионал
әншілер, я ескі халық әнін көп білген актер-әншілер. Бүгінде консерваторияда жаңа
әншілердің кадрын әзірлеп жатумен қатар музыка театры өз қолындағы актерінің өнерін
арттыруға күнделікті тәрбие жүргізеді. Оларды бүгінгі өздері айтып жүрген әуендерді
стилдеп, мәдени әдіспен айтуға баулиды. Бүгінгі музыка театр әншілерінің ішінде халық
әнінің осындай боп жаңғырған, стилденген үлгісін айқын ғып айтатын әншілер — еңбегі
сіңген артистка Күләш және Қанабек, Құрманбек.
Бірақ негізгі ән, музыка бұйымдарын халық қорынан алып отырған музыка театры,
тегінде, өзінің жаңа түрдегі театрлы, музыкалы мәдениетін ұдайы қазақтың ұлттық
түрлерінің ішінде ғана оқшаулап тұсап отырмақ емес. Сол себепті әлі онша көп түр
таппаған, әлі шеберленбеген, халық инструменттерін халық оркестрін ұстап қалған жоқ.
Театр алғашқы адымын симфониялы оркестрімен бастады. Халық инструменттерінің
оркестрі жаңа үлгіде істелген домбырасы мен үні ұлғайтылған қобызы мен сыбызғыдан
құралып, қазақтың мемлекеттік филармониясының көлемінде өз бетімен ұлғайып келеді.
Оның да өзінше үлкен тәжірибелері, ізденушілері, табыстары бар. Бірақ бұл сияқты
тәжірибе зерттеу ісін музыка театры филормонияға тапсырып, өзі симфония оркестріне
көшті де, барлық музыкалы спектакілінің жетекшісі етіп сол оркестрді сайлап алды.
Сонымен, музыкалы театрдың бүгінгі оркестрі халық әндерінің көп ырғағын өз бетімен
өсіруші, тереңдеуші есебінде қызмет етеді. Және сол оркестр увертюрасы арқылы, жеке
әндердің мазмұнын шешу арқылы және көп әнді сахнаны өзінше айқындауы арқылы
спектаклдің барлық музыкалы негізін бір тұтас шығарма дәрежесіне жеткізіп, өсіріп
отырады. Бұл реттегі ізденушілік, басшылық музыка театрында ұдайы істейтін Европаша
білімі бар композиторға тапсырылған
4
Халық инструментін ұстап қалмауы сияқты театр құр ғана ұлттық түрі бар екен деп,
халықтың азын-аулақ би пантомимасын да түгел ұстанып отырмайды. Мұнда би өнері
жөнінде театр, балет өнершісіне анадан көп еркіндік береді. Сонымен, бұрын ел
ортасында болған би-пантомима мен халық ойындарын және қазақтың әр түрлі еңбек
үстіндегі қозғалыстарын Европаша ажарлық істеліп, қызықтырып, жанды қылып
көрсетуге ерік береді. Қазақ театры нағыз жоғарғы дәрежелі үлкен балет өнері халықтың
шала өнер дәрежесіндегі би-пантомимасынан көп алыс, көп жоғары тұрғанын еске алады.
Сондықтан жаңағыларды мағыналандырып, мәдениеттендіріп, ажарлау 24 мен келіп,
өзінің нағыз Европа үлгісіндегі балетін құрап жасап келеді. Ол балет қазақтың өнер
салтындағы, мәдени тарихындағы мазмұндардан туған және, әсіресе, қазақтың халық
музыкасының ритмінен өнген балет болмақшы. Міне, театр-музыка мәдениетінің бүгінгі
сатысында қазақтың халық өнерінің үлкен жиынтық белгісі боп отырған музыка
театрының жай-күйі, ізденуі осындай.
Музыка театры осындайлық барлық талап, табыстары арқылы енді өз сахнасында нағыз
толық үнді операны қоюға жақындап кеп отыр. Ол опера музыка театрына арнап белгілі
композитор Асафьев
5
жазып жатқан жаңа қазақ операсы "Ақан — Зайра"
6
болмақшы.