Қазақстанның ашық кітапханасы
155
Біздің әрқайсымыз тәжірибемізде де, менің өз басымда да бар. Сәбит, Сәкен, Бейімбеттің
басында да бар. Біз шығармаларымызды басынан қайта қарап, тексереміз. Сондықтан
ойлану, толғану, қиналу деген бізде өте аз. Біздің шығармаларымыздың тәжірибесіндегі
бір кемшілік бізде тереңдеудің орнына, қанат жайып қалықтау орнына, бір шығарманы
екінші шығармадан кеңейтіп шығару, толықтырудың орнына, тереңдеудің орнына
біреуіне біреуі ұқсас тұрады.
Бұл жерде творчество қатты сабақ болмайды. Бұл ретте халық фольклорынан көп
үйренуіміз керек. Халық фольклорының топырағына аяқты тіреп, алға секіруіміз керек.
Халық фольклорының өз ғана мақсаты емес, біз халық әдебиетінің барлық жақсы
қасиеттерін өз бойымызға сіңіріп алуымыз керек.
Біздің бүгін таңдағы революциядан кейінгі жалпы әдебиетіміз таптық мазмұн жағынан
алғанда революциядан бұрынғы ескі әдебиеттің қай сатысынан болса да жоғары
есептеледі. Проза деген нәрсе Октябрь төңкерісінің арқасында ғана туып отыр,
әдебиетіміздің мазмұны терең түрде болуы төңкерістен кейін туып отыр. Сондықтан
біздің бұрышы тарихымыздағы мәдениетсіздік бір жағынан ауыр жүк болды. Біздің
әдебиеттегі жазушылардың, үлкен жазушылардың үш-төрт шығармаларына тоқтап
өтпекпін. Кеше Әзімбай жолдас соңғы кездерде бір-екі-ақ ірі шығарма шықты деді.
Меніңше, бұл аз. Үшеу-төртеулеген шығармамыз бар. Мысалы, Сәкеннің "Қызыл ат"
деген шығармасы бар. Бұл шығармасы Сәкенді жұртшылыққа танытқан шығарма. Осы
шығарманың үлгісіне еліктеп жазылған шығармалар бізде туып та отыр. "Қызыл аттың"
творческий обобщениесі, қалың еңбекшілерге бере алатын жаңалық үлгілері бар.
Бүкіл Қазақстанның мал шаруашылығы қалпының бет алысын, оның күйінен жазушының
"Қызыл ат" образын алуы, ол үлкен әңгіме. Жалғыз бұл "Қызыл ат" қана емес, және
Ілиястың "Даласы", Сәбиттің "Ақ аюы" бұл шығармалар жазушының жазушылық
адымының құлашын көрсете алатын дәуірімізге сай шығарма. Бірақ бұлардың өз
көлемінде аздаған кемшіліктер жоқ деуге болмайды. "Қызыл ат" бірталай мәселелердің
басын түйген жазушының басындағы толқынын қалдырмай көпшіліктің ойына салған
шығарма. Бірақ менің ойымша, "Қызыл аттың" кемшілігі тіл жағынан жеткілікті түрде
істеліп бітпеген. Бұрынғы халықтың фольклорындағы жабайы образдарын жамай салмай
жаңа түрлі кесте қосу керек еді. Бірталай жерлерде күшті келіп, кейбір жерлерде төмендеп
кетіп отырады. Бір жерлерінде жаяулап келіп отырады. Тілдегі образдардың күшті
болмағандығы асығыстың салдарынан болған нәрселер. Ілиястың "Даласы" біздің
поэзиядағы үлкен шығарманың бірі деп есептейміз. Бірақ онда да көп кемшіліктер бар.
Біздің поэмада үлкен проблема бар. Ол орыс тілінде жазып жүрген ақындардың алдында
тұрған нәрсе — "Медный всадник", "Евгений Онегин", "Фауст" сияқты үлкен образды,
сюжетті поэзия жазу. Дыбыс әсерімен жазылған "Қыз Жібектің" құнды болуы пішін
ретінен күшті болып келе жатқаны өте шебер етіп алынған.
Бейімбеттің шығармаларын айтқанда Бейімбетте натурализм өте күшті дегенді айтты.
Шығармасында адамдарының қайталап отыратын бір қалпынан бастап Бейімбетте
натурализмнің белгілі түрлерінің бар екені рас. Бірақ оны айтқанда ылғи "Шұғамен" ақтап
алу дұрыс емес. Бұл жерде де "Майданды" айту керек. Ол қайта айналып қойылатын
тарихи дәуірдің жиынтығы екені белгілі. "Поднятая целинадағы" қойылған проблема
"Майданда" да әдемі қойылған. Бейімбеттің жазған желілерін алғанда социализм
құрылысының бір сатысына үлкен белгі болып қаларлық деп айтпауға болмайды.
Бізде үлкен келешегі бар, ойында тереңдік бар ірі жазушының бірі — Сәбит. "Ақ аюы"
былтырғы шығарманың алды екенін жұрт айтты ғой, оның аяғы бітпеген. Челюскин
жорығы деген Ілиястың бір еңбегі болды. Жорық очерк түрінде ғана жазылған. Ішкі