Page 18 - ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. КУН ФУ-ЦЗЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
18
жер рухтары мен дәндерінің мехрабы бар. Оқып білу дегеніміз тек кітапты оқу ғана ма?
Ұстаз айтты: — Тілі шапшаңдарды жек көретінім, осыдан.
12-тарау. "Янь Юань..."
12.1. Янь Юань адамсүйгіштік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Өз кемшілігіңді
жеңіп, (сөздерің мен мінез-құлқыңда) Ережелерден шықпасаң — адамсүйгіштіктің
нышаны, осында. Егер бірде өзіңді жеңіп, (сөздерің мен мінез-құлқыңда) Ережелерге
оралсаң, онда көк Аспан сені адамсүйгіштікті иемденуші деп атайды. Адамсүйгіштік
адамның өзіне байланысты. Ол қалай өзгелерден тәуелді бола алады? Янь Юань тағы да
өтінді: — Осыған қалай жетуге болатынын айтып берсеңіз. Ұстаз жауап берді: —
Ережелерге сәйкес келмейтінге көңіл бөлмегін; Ережелерге үйлеспейтінді тыңдамағын;
Ережелерді бұрмалайтынды айтпағын; Ережелермен үйлеспейтінді істемегін. Янь Юань
жауап берді: — Мен аңғал болсам да, осы кеңестерге еруге дайынмын.
12.2. Чжун Гун адамсүйгіштік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Үйіңнен тыс түзде
адамдарды құрметті қонақтардай қарсы ал. Халықтың ықыласын пайдалана отырып,
өзіңді үлкен құрбандық жасағандай ұстағын.Өзіңе тілемейтінді, өзгеге істемегін.
Мемлекетте жаулыққа жол берме, отбасында араздықты асқындатпа. Чжун Гун айтты: —
Мен, Юн, аңғал болсам да, осы кеңестерге еруге дайынмын.
12.3. Сыма Ню адамсүйгіштік туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Адам сүйетін
сөздерін андап айтады. (Сыма Ню) тағы да сұрады: — Сонда ойын күдікпен жеткізетін
(біреулерді) ғана адам сүйетіндерге жатқызамыз ба? Ұстаз жауап берді: — Егерде
орындауы күрделі нәрсе кезіксе, ой толғанады, оның несі бар?
12.4. Сыма Ню бекзат кісі туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Бекзат кісі мазасыз емес
және үрейге берілмейді. (Сыма Ню) қайтадан сұрады: — Мазасызданбау жөне үрейге
берілмеу — мұның өзі бекзат кісі деуге жетерлік пе? Ұстаз жауап берді: Егер өзіңнен
кемшіліктерді таппасаң, онда мазасызданудың да, үрейге берілудің де себебі жоқ.
12.7. Цзы Гун нағыз билеудің мән-жайы туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Мұның өзі
азық-түлік пен қару-жарақты жеткілікті ететін, халық сенімін орнықтыратын басшылық.
Цзы Гун сұрады: — Егер де (таңдауға) мүмкіндік берілсе, онда Сіз алдымен неден
бастартар едіңіз? Ұстаз жауап берді: — Қару-жарақтан бас тартуға болар еді. Цзы Гун
тағы да сұрады: — Қалған екеудің біреуін қалауға тура келсе, онда Сіз алдымен нені
құрбан етпексіз? Ұстаз жауап берді: — Шамасы, азық-түліктен бас тартар ем. Өлімнен
ешкім құтыла алмайды, ал халықтың сенімінен қалсақ, онда (мемлекет) құлайды.
12.11. Цискі (патшасы) Цзин Гун Кун-цзыдан нағыз билеудің мән-жайын сұрады. Кун-цзы
жауап берді: — Әмірші әміршінің өзі, шенеунік — шенеуніктің, әке — әкенің, бала —
баланың өзі болуы керек. Әмірші айтты: — Керемет! Расында, әмірші — әмірші болмаса,
шенеунік — шенеунік болмаса, әке — әке болмаса, бала — бала болмаса, онда азық-түлік
тіпті (мол) болса да, оны мен дұрыс пайдалана алар ма екенмін?
12.14. Цзы Чжан нағыз билеудің мән-жайы туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Күзетте
тұрып, шаршағандықты ұмыту; өкімді орындау да, берілгендікті есте сақтау.
12.16. ұстаз айтты: — Бекзат кісі адам бойындағы ізгілікті өзіне ендіруге көмектеседі де,
жамандықты жалғастырудан сақтандырады. Шектеулі адам керісінше істейді.