Page 19 - ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. КУН ФУ-ЦЗЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
19
12.17. Цзи Канцзы Кун-цзыдан басқарудың мәні туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: —
Басқарудың мәні дұрыс қылық әрекеттен білінеді. Егер Сіз дұрыс әрекеттене білсеңіз,
онда теріс қылыққа кімнің төбеті шаппақ?
12.19. Цзи Канцзы Кун-цзымен әңгімесінде нағыз биліктің мән-жайы туралы сұрады: —
Дао-Жолға жақындамақ ниеттегі (басқалар) Дао-Жолды жойып алса, оны жазалауға
болады ма? Кунд-цзы жауап берді: — Нағыз билікті жүргізетіндер нақақтан-нақақ
адамдарды өлтіреді ме? Ізгілікке өзінде ұмтылсаң, онда халықта мейірімді болады. Бекзат
кісілердің ізгілігі — желге, толмаған адамдардың ізгілігі шөпке ұқсайды. Жел қайда
уілдесе, шөп сонда иіледі.
12.22. Фань Чи адам сүйіспеншілігі туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Ол дегеніміз
адамдарды ұнату. (Фань Чи) білім туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Бұл дегеніміз
адамдарды ұғу. Фань Чи түсінбеді. Сонда ұстаз түсіндірді: — Қашанда түзуді
жоғарылатып, оны қыңыр-қисықтың үстіне қойса, онда қисықтар түзулене бастайды.
Фань Чи үнсіз кетті, ұзамай Цзы Сяны кезіктіріп, айтты: — Мен дәл қазір Ұстазды көріп,
одан білім туралы сұрадым. Ұстаз айтты: "Қашанда түзуді жоғарылатып, оны қыңыр-
қисықтың үстіне қойса, онда қисықтар түзулене бастайды". Бұл нені білдіреді? Цзы Ся
жауап берді: — Япырай, бұл сөздердің мәні қандай терең? Бұрында Шунь патшалығында
Аспан астындағы халықтар арасынан Гао Яоны сайлағанда, (онда) адамсүйгіштікті
игермегендердің бәрі де кетуге (мәжбүр болды). Кейін Тан патшалығында Аспан
астыңдағылар халықтың арасынан Иняны сайлағанда, (онда) адамсүйгіштікті
игермегендер кетуге (мәжбүр болды).
13-тарау. "Цзы Лу..."
13.3. Цзы Лу сұрады: — Вэй әміршісі Сізді (мемлекетті) басқаруға шақыртысы келеді. Сіз
неден бастамақшысыз? Ұстаз жауап берді: — Мәніне сәйкес келмейтін атауларды
реттеуден бастау керек! Цзы Лу сұрады: — Сіз қалай, тағы да оз айтқаныңыз да тұрмақсыз
ба? Неліктен тәртіпке келтіру шарт? Ұстаз жауап берді: — Өзің қандай сауатсызсың!
Бекзат кісі түсінбегеніне сақтықпен пайымдап қарайды. Егер атаулар мән-жайдан
туындамаса, ойың бөлінеді. Егер сөздерің ойыңнан шықпаса, онда істер оңға баспайды. Іс
жүрмегенде Ережелер мен музыка жарамсыз қалмақ. Егер Ережелер мен музыка ықпалсыз
болса, онда жазалар нағыз діттегеніне жетпейді. Жаза мақсатқа жеткізбеген де, халық
өзінің қол-аяғының күш-қуатын қалай пайдалы жұмсаудың жөнін білмей арсаңға түседі.
Сондықтан бекзат кісі ендірген атауларды дұрыс түсіндіріп айтуы керек, ал айтқанды
орындау да міндет. Бекзат кісінің сөздерінде дәйексіздіктің ешқандай жігі білінбеуі керек.
13.4. Фань Чи егін шаруашылығына үйренбекші тілек білдірді. Ұстаз жауап берді: —
Мұнда мен білгір шаруалармен жарыса алмаймын. Сонда (Фань Чи) кідірместен көкөністі
өсіруге үйрету туралы тілегін білдіреді. Ұстаз жауап берді: — Мұнда мен тәжірибелі
бақшашымен таласа алмаймын. Фань Чи кетеді. Сонда Ұстаз айтты: — Иә, қараңызшы,
мына Фань Сюй жас бала сияқты! Егер басшылар Ережелерді ұнатса, онда көптің
арасынан, сірә, оны құрметтемейтін ешкімде табылмас; егер де басшылар әділеттілікті
қолдаса, онда халық арасынан оған бағынғысы келмейтіндерді іздесең де таппассың; егер
басшылар адалдықты ұнатса, онда халықтан адал болғысы келмейтін ешкімді де
таппайсың. Егер де жұрттың бәрі де осыңдай болса, онда төрт құбыласы тең халық
балаларын арқалап (жоғарыдағыларға) ұмтылады, ондай да (басшылардың) өздеріне жер
шаруашылығымен шұғылдану қажет пе?