Қазақстанның ашық кітапханасы
17
9.29. Ұстаз айтты: — Дана күдіктенбейді, адам сүйгіш ренжімейді, батыл қорықпайды.
9.30. Ұстаз айтты: — Адаммен бірге оқысаң да, онымен әрдайым Дао - Жолды бірге
өтпейсің. Адаммен Дао-Жолды бірге өтсең де, онымен әрқашан (осы Жолда) бірдей
бекімейсің. (Осы Жолды) бірге өтсең де, әрқашан жауапкершілікті бірдей бөлісудің
ыңғайы келмейді.
10-тарау "Алдымен оқыдық..."
11. 1. Ұстаз айтты: — Кімде-кім алдымен Ережелер мен музыканы оқып, соңына
шенеуніктер болса, олар, мәртебесі мен жалақысы жоқ, қарапайым адамдар. Кімде-кім
алдымен шенеунік болып, соңына Ережелер мен музыканы оқыса, олар циндар мен
дафуцдар (ақсүйектердің - Ж.М) балалары. Егер маған қабілеттілер керек болса, онда мен
оқудан бастағанды таңдар едім.
11.3. (Кунд-цзы-ЖМ) оқушыларының арасында ізгілікті жүзеге асыруда ең қабілеттісі —
Янь Юань, Минь Цзяцянь, Жань Боню, Чжун Гун болды; сұхбатты жүргізу қабілеті
жағынан — Цзай Во, Цзы Гун; мемлекеттік істі жүргізуде — Жань Ю, Цзи Лy; вэнь —
мәдениет мәселесін насихаттауда — Цзы Ю мен Цзы Ся көзге түсті.
11.12. Цзы Лy рухқа табыну туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: — Біз тірі адамдарға
қызмет ете алмай жатқанда, өлгендерге қалай қызмет етпекпіз? Цзы Лу тағы да
әуесқойлық білдірді: — Білгім келгені, өлім дегеніміз не? (Ұстаз) жауап берді: — Біз
өмірді (әлі) түсіне алмай жатып, өлім туралы не біле аламыз?
11.16. Цзы Гун сұрады: — Кім жақсы — Ши ме, әлде Шан ба? Ұстаз жауап берді: — Ши
(ортадан) өтті, ал Шан (оған) жеткен жоқ. Цзы Гун сұрағын жалғастырды: — Демек, Ши
жақсы той? Ұстаз жауап берді: — Өтіп кету де, жетпей қалу да жаман.
11.17. Цзиши Чжоу-гуннан да артық байығысы келді. Оның байлығын көбейтуге Цю (әділ
емес жолмен) салықтарды жинау арқылы жәрдем берді. Ұстаз айтты: — (Жань Цю) менің
шәкіртім емес. Сіздер ойланбай-ақ жалау көтеріп, барабан соғып оған шабуыл
жасауларыңызға болады.
11.18. (Ұстаз айтты): — Чай ақымақтау, Шэнь топастау, Ши екіжүзді, Ю болса дөрекілеу.
11.19. Ұстаз айтты: — (Янь) Хуэй оқуда үлкен жетістікке кетті, бірақ мұқтаждықта
қиналды. Цы көк Аспан әмірін қабылдамай, сауда-саттықпен шұғылданды, байлығын
көбейтті, оның (сауда-саттықтағы) есептері әркез дәл болды.
11.24. Цзи Цзыжань сұрады: — Чжун Ю мен Жань Цю ұлы мемлекет шенеуніктері деуге
болады ма? Ұстаз айтты: — Сендер менен басқа адамдар туралы сұрап жатыр ма деп
қалдым, бірақта менен Ю мен Цю туралы сұрадыңдар. Ұлы мемлекет шенеуніктері Дао -
Жолға түсіп, патшаға қызмет ететіндер. Егер олар мұны істей алмаса, қызметінен кетуі
керек. Қазіргі Ю мен Цюді қатардағы шенеуніктер деуге тұрарлық. (Цзи Цзыжань) айтты:
—
Демек, олар әруақытта жоғарыдағыларға бағынады ғой? Ұстаз айтты: — Егер әкені
немесе патшаны өлтіру туралы талап қойылса, олар (бұйрықты) орындамайды.
11.25. Цзы Лy Би уезін басқаруға Цзы Гаоны жібермек болады. Ұстаз айтты: — Мұның
басқа адамның баласын өлтіргенмен бірдей. Цзы Лy жауап берді: — Онда халық бар, ана