Қазақстанның ашық кітапханасы
16
туралы бірінші кеңесші не біледі? Жасымда мен кедей болдым, сондықтан көптеген
жеккөрінішті істі үйрендім. Ал бекзат кісі түрлі білімді игерді ме екен? Тіпті коп емес.
9.7. Лao айтты: — Ұстаз айтады: "Мені мемлекеттік қызметке пайдаланбады, сондықтан
(алты - Ж.М.) өнердің кейбірін игердім.
9.8. Ұстаз айтты: — Мен білімдерді дұрыс игердім бе? Жоқ (мен аз білемін). Егер
қарапайым адам маған сұрақ қойса, онда мен (мән-жайды) білмей-ақ, одан сұрақ қоюдың
себебі мен оның салдарын сұрап, (мән-жайды анықтаймын да), оған бәрін тәптіштеп
түсіндіремін.
9.9. Ұстаз айтты: — Феникс ұшып келмейді, Хуанхэ өзінің нышанын білдірмейді! Менде
үміт үзілді!
9.10. Ұстаз, қайғылы киім-кешекке оранған адамдарды немесе жол-жоралы бөрік пен
киімдерді кигендер, немесе соқырлар кезіксе, олар тіпті өзінен кіші болса да, әрдайым
тұрып жол берді, ал қасынан өткесін әрдайым тездетіп жүріп кететін.
9.11. Янь Юань күрсіне айтты: — (Ұстаздың) іліміне (мен) үңілген сайын, ол асқақ
көрінетін; оны білейін деп жиі талпынсам да, ілім мызғымайды. (Мен) оны алдынан
корейін десем, кенеттен оның соңында қалып қоям. Ұстаз асықпай, байыппен оған
адамдарды тартады, ол білім арқылы менің ақылымды кеңейтті, рәсім салт арқылы мені
икемдеді. Мен (оның ілімін үйренуден) бастартайын дедім, оған дәтім жетпеді; мен күш-
жігерімді сарқи жұмсадым, оның ілімі көз алдымда елестеп тұратындай еді, мен соған
ілескім келді, бірақ мұрша жеткіздірмеді.
9.12. Ұстаз ауыр науқастанып қалады. Цзы Лy оған бірнеше шәкірттерін (оны төредей
күтсін) деп жібереді. Арада коп уақыт өткесін асқынған ауру біртіндеп қайтады да,
Ұстаздың реңі кіреді. Содан ол айтады: — Чжун Ю! Баяғы да сен (мені) алдадың. Төре
болмасам да, төреге лайықты қызмет етуді көп тілеп, кімді алдамақ болдым? Көк Аспан!
Шенеуніктердің қолында емес, (өзімнің) шәкірттерімнің қолында өлгенім маған
анағүрлым артық емес пе? Оның үстіне, мені тіпті сәндеп көмбесе де, базы жерде көмусіз
қалдырмас деймін!
9.13. Цзы Гун айтты: — Мынау керемет яшманың бөлшегі. Оны қобдишаға тығып,
сақтайын ба? Әлде оны бағалайтынды тауып, соған сатайын ба? Ұстаз айтты: — Сатқын!
Сатқын! Мен бағалаушыны күтемін.
9.14. Ұстаз жабайылардың арасында тұрғысы келді. Біреу айтты: — Бұл қалай, мүмкін бе?
Онда дөрекілік төніп тұр ғой! Ұстаз жауап берді: — Бекзат кісі қайда қоныс тапса, онда
дөрекі мінез-құлық аяқ тартуы керек.
9.17. Өзеннің жағасында тұрған Ұстаз айтты: — Өтіп бара жатқан (уақыт) мына (атысқа)
ұқсайды! Күні-түні тынымсыз-ақ.
9.26. Ұстаз айтты: - Үш армия бастығын орнынан алуға болады, бірақ қарапайым халықты
өзінің ниетінен бас тартқыза алмайсың.
9.28. Ұстаз айтты: — Аяз түскенде ғана қарағай мен кипарис жапырақтарының ең
соңына солатынын аңғарасың.