Қазақстанның ашық кітапханасы
15
тұрпайылықты тудырады. Егер бекзат кісі туысқандарына беріле қызмет етсе, онда
халықта адамсүйгіштік өрбиді; егер ол ескі достарын ұмытпаса, онда халық
ынтымақтықты ұмытпайды.
8.9. Ұстаз айтты: — Халықты күштеп жұмыс істетуге болады, бірақ не үшін істеліп
жатқанын күштеп түсіндіруге болмас.
8.10. Ұстаз айтты: — Егер батылдықты құрметтеп, кедейлікті сөксе, бүлінушілік болмақ.
Егер де адамсүйгіштіктен жұрдайды жек көрсе, толқу басталмақ.
8.13. Ұстаз айтты: — (Біздің) ілімді адал ұнат; (біздің) Дао – Жолды жетілдіруде, өлімнен
де қаймықпа; Тыныштығы шайқалған мемлекетке аяқ баспа; былығы басым мемлекетте
өмір сүрме. Егер Аспан астында Дао – Жол бар десең, өзіңді корсет; егер (Аспан астында)
Дао - Жол жоқ десең, көзге көрінбе. Дао – Жол үстемдік ететін мемлекетте кедей және
атақсыз болу ұят-ақ.
8.14. Ұстаз айтты: — Егер сен оның орнында болмасаң, онда оның басқару ісіне араласпа.
8.17. Ұстаз айтты: — Оқыған кезде білімді ала алмай қалам ба деп қорық, ал (оқуды
бітіргесін) (білгенімді) ұмытып қалам ба деп қорық.
8.18. Ұстаз айтты: — Шунь мен Юй қандай дәрежеге көтерілген еді! Аспан астында әмір
жүргізе отырып, олардың өздері басқаруға араласпады.
8.19. Ұстаз айтты: — Яо — ұлы патша! Ол қандай зор мәртебеге жетті! Тек Аспан зор,
Яо тана соған енді. Оның жомарттығы қандай шексіз еді! Халық өзінің ырзығын білдіруге
лайықты сөз таба алмады. Иә, оның жасағандары қандай қастерлі еді! Оның сауаттылығы
неткен жарқын еді!
9-тарау. "Ұстаз сирек..."
9.1. Ұстаз ли – пайда туралы, мин — тағдыр туралы, жэнь — адамды сүю туралы сирек
айтушы еді.
9.2. Дан-нан келген адам Дасиян айтты: — Кунд-цзы қандай ұлы! Оның ғұламалығы
керемет, бірақ оның әлі ешнәрседен даңқы шықпады. Мұны есіткен Ұстаз шәкірттеріне
айтты: — Маған қандай іспен шұғылданған жөн? Арба айдағаным ба, әлде садақ атқаным
дұрыс па? Шамасы, арба айдатқызар өнерім дұрыс шығар!
9.3. Ұстаз айтты: — Ереже бойынша бөріктер ағаш қабығынан тігілу керек, бірақ енді
жібектен тоқылатын болды. Бүл арзан, менде көптің істегеніне көштім. Ереже бойынша,
(әміршіге) төменде залға кіре берісте тұрып тағзым ету керек, енді ол орнынан тұрған
кезде тана тағзым ететін болды. Осыған қарамай, мен басшыларға ұнамаса да төменде
тұрып тағзым ете берем.
9.4. Ұстаз төрт (кемшіліктер) түкке жараспайтын: болжалға бейімшілдік, бір жақты кесіп
айту, қасарысу және өзін-өзі асқақтату.
9.6. Бірінші кеңесші Цзы Гуннан сұрады: — Ұстазды жіті білікті деуге болады ма? Оның
таланты қалай осыншама басым? Цзы Гун жауап берді: — Көк Аспанның өзі оған аса
даналықты және көптеген талантты аямай-ақ берді. Ұстаз мұны есітіп айтты: — Мен