Қазақстанның ашық кітапханасы
8
Айтшы, маған жөніңді,
Нағып жүрген ноғайсың?!
Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
– Асудан асу бел, – деді,
Аса үрген жел, – деді.
Жөнімді мен айтайын,
200
Әкең Тарғын мен, – деді,
Іздегенім сен, – деді.
Домбауыл сонда сөйледі:
– Келбетіңе қарасам,
Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер, – депті.
Тарғын сынды батыр кезегін беріп, жауға қасқайып қарап тұрды. Домбауыл жанынан
оғын суырып ап, қақ жүрегін көздеп оқ тартқан екен, Тарғынның торғауытының сегіз
қабатынан өтіп, тоғызыншы қабатында тоқтады. Мұнан соң Домбауыл Тарғынға кезек
берді. Тарғын оқ тартып, Домбауылды атынан сұлатып жықты. Қалмақтар батырының
аттан жығылып, өлгенін көрген соң, Тарғынды қамап ұстамақшы болыпты. Тарғын
мұнысын көріп, қолына қару-жарағын алып, жауға қасқырша шапты. Он бір күн соғысып,
он екінші күнде Тарғын атының арып, қалмақтың қырылып, өзінің далада жалғыз
қалғанын көріпті. Жаудың қырылғанын қырып, қашырғанын қашырып, есен-аман Ханзада
ханға келіп, ат шаптырып той етіпті. Жұрт көп күн мәжіліс етіпті, сүйтеді де хан айтты: –
Ақсүйек қызымды саған беруге аталарымның әруағынан қорқамын, – деді. Он сан
Орманбеттен таңдап бір сұлу қызды ал, – депті. Тарғын бұл алдауына шыдамай,
Ақжүністі алып, зор ашуланып, өз еліне қайтып кетті. Ханзада онан зор қорқып, малын
баға алмады, отын жаға алмады. Жұртының барлық игі жақсыларын, билерін шақырып,
еліндегі бір ақылды қарт биге ақылдаспаққа барыпты.
Сонда қартың сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
– Хан мен төрем келіпсің,
Би мен мырзам отырсың.
220
Бізге ақыл салсаңыз,
Біздің тілді алсаңыз,
Тарғын сынды батырға
Барлығың да барыңыз.
Қараң түгел ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Батырды еске алыңыз,
Аяғына бас ұрыңыз.
Тоқтамай кетсе еліне,
Тату болып қалыңыз.
230
Ашуланса еліңе,
Жыртпай кетпес жағаңды,
Жаңылтар келсе тобаңды.
Шулатпай кетпес балаңды,
Қан етепей кетпес қалаңды.
Жұрт ақылдасып, айтысты: – Біздің ішімізде Тарғын нанарлық енді бір кісі де жоқ,
ханшаны береміз дегенге, енді, ол батыр нанар ма екен? – десті. Сонда ақылды ақсақал