Қазақстанның ашық кітапханасы
7
Төңірегін қармалап,
Ақжүніске сөйледі:
– Берсін, Тәңірім, тілекті,
Қуантсын біздей жүректі.
170
Әкел, Жүніс, Тарланды.
Алып келді Ақжүніс
Арқанда тұрған Тарланды.
Арқасына ер салды,
Қуанбасқа не қалды.
Тарлан атқа мінгесті,
Кеше жұртқа тастаған
Ноғайлыға қарай жүреді.
Бір мезгілдер болғанда,
Астарындағы аты пысқырды.
180
Жерді тағы тебінді,
Жануар бүйтіп не білді?!
Тарғын атының текке пысқырмайтын сырын білетін еді. Ақжүніске: – Жан-жағыңа
қарашы, бірнәрсе көрінбей ме? – деді. Ақжүніс қарап алдыңғы жағында емескі бір-екі қара
көрінді, – [деді]. – Е, Тарлан, текке пысқырма, мен сені енді ешкім үшін терлетпеймін,
омыртқам шығып жалғыздығым білінді ғой, енді жөнімді табайын, – деді. Ақжүніс айтты:
– Сен құр өз жөніңді тапқанша, жұртына тастап кеткен елге барып, жамандарын
қорқытып, жақсыларына ақыл сал, – деген соң, Тарғын Ақжүніспен Ханзада елінің шетіне
келіп түсті. Ол мезгілде ол елді баяғы Тарғын ығыстырып жіберген қалмақтар қайта
Шаған бойына келіп, Ханзада елін қамап жатыр екен. Қалмақ ханына Ханзаданың сұлу
жалғыз қызын айттырып жатыр екен. «Сұлуды бермесең, еліңді шабамын» – деп. Тарғын
мен Ақжүністің келгенін естіп, хан барлық жақсыларын жиып, олармен амандасып: –
Сіздерге кісі жіберуге мына елімді қамап жатқан жаудан ешбір қол тимеді, айыпқа бұйыра
көрмеңіз, – деді. Тарғын айтты: – Бұл қалмақты баяғыдай тағы ығыстыруға менің әзір
әлім жоқ, оларды қалайша жеңуді мен сендерге үйретейін, – деді. Сонда Тарғын былайша
үйретті:
– Бұл барғаннан барармын,
Қырымға мен қайтармын.
Қырымдағы қырық құрдас
Жаныма мен ертермін.
Құдай маған бұйырса,
Қайта саған келермін.
Аман-есен сау келсем,
Басыңды шауып алармын,
190
Қоластыңа әлек салармын.
Жаудан құтылар айла, өз айыбы үшін жалғыз қызын Ақжүністің үстіне бермек болды.
Жұрт айыбы үшін оның қолын алды. Тарғын ашуы кетіп, ханның еліне келіп қонақ боп
жатты. Белі де жазылыпты. Бұл елге Тарғынның келіп жатқанын есітпей, хан қызын
бермеген соң, баяғы қалмақ аттанып, барабан соғып ханның үстіне келіпті. Жау келгенін
есітіп, Тарғын батыр атына мініп, толып жатқан қалмақтың әскеріне қарсы келеді. Ол
жақтан Домбауыл деген бір батыр жекпе-жекке Тарғынға қарсы шығып сөйлейді:
– Алайын десем оңайсың,
Алмайын десем тоғайсың.