Page 9 - БАБАЛАР СӨЗІ. ЕР ТАРҒЫН (ОСПАН ҚИСЫҚҰЛЫ НҰСҚАСЫ)

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
9
айтты: – Оған ел ішінен таңдап, үш батыр жіберіңіз, олар бір-бірінің сөзіне нанар, – деп,
баяғы қасына ерген Қарасайұлы Көбен баласына тағы екі батыр жолдас беріп Тарғынның
артынан қудырып жіберді. Олар батырды қуып жетіп, аяғына бас ұрып жалынды, ашуын
кешірді. Сүйтіп, олар Тарғынмен Ханзада еліне қайтып келіпті. Хан Тарғынға ұялып
ештеме дей алмапты. Сонда ел ішінен бір би сөйледі:
– Ей, батырым, батырым,
Сөз сөйлейді алдыңда
Сыпыра жырау бақырың.
Ханы, халқы жиылып,
“Айт” деп отыр біздерге.
240
Назар етіп тыңдасаң,
Біз айтамыз сіздерге.
Атақты туған ер болсаң,
Не қыласың бір қызды,
Мына тұрған ханыңыз,
Бәріміз де жанымыз
Сый етеді, алыңыз.
Қара лашын береді,
Көлден-көлге салсайшы!
Қара тұлпар береді,
250 Жауыңа қарсы мінсейші!
Балдағы алтын ақ берен
Оны да хан береді.
Бұдан басқа көп қазына
Тағы сізге береді.
Не қыласын бір қызды,
Мың жылқысын береді.
Не қыласын бір қызды,
Бес жүз ауыл береді.
Өз алдыңа сұлтан бол,
260 Сүйген жерің жайлашы!
Қанша батыр болсаң да,
Тұра алмассың бұл сыйға.
Миың болса басыңда,
Осыған ой салсайшы!
Тарғын ашуынан қайтып, берген сыйларын алып, өз алдына хан болып, мұратына жетіп,
қартайып өліпті.