Қазақстанның ашық кітапханасы
6
Қорықпай жалғыз барасың,
Кәне шыққан мүйізің?!
Елу бестегі жасыңда
Жиылысқа бардың бой түзеп,
Дауға бардың тіл безеп.
Қызық көрдің бір уақыт,
Кәне шыққан мүйізің?!
Алпыс бестегі жасыңда
150
Сақал-мұртың ағарып,
Денеңдегі тамырың
Барлығы да суалып,
Айырамын деймісің
Сұлуды көріп қуанып?
Өлтірсең де саған бармаймын,
Ерік берсең сүймеймін.
Бұрын батыр мырза болсаң да,
Сенің басың бұл күнде
Жердегі жатқан қу тезек.
Мұны есіткен соң, қарт Қожақ есіне түсіп, көп ойлап тұрды: «Бұл ақсүйек қанша менің
бес жасымнан бері не қылғанымды тауып айтты, ендігі жасымдағы не қылатынымды да
біліп айтар, жас баланы алып, обалына қалмайын», – деп, оны Тарғынға қосып жіберді. –
Менен өткен дәурен сендерге құтты болсын! – деп, Тарғын қызбен Еділдегі Ормабеттің он
сан ноғайына келді. О мезгілде ноғайда он хан бар екен. Олардың біреуінің аты Ханзада
екен. Тарғын келіп осы ханның бір биінің үйіне қонды. Бай: – Кімсің? – деп сұрапты.
Тарғын шынын айтты. Ақшаханның Ақжүніс сұлу қызын алып қашып келе жатқанын.
Олалайдың Торғауыт деген жұртын қырған Тарғын батыр екенін есітіп, оларды зор
сыйлай бастады. Біраздан соң би ханына келіп, оларды жария етті. Хан Тарғынның
батырлығына қызығып: – Ол өз елін ұмытсын, – деп, оларды қоластындағы барлық мырза-
төрелермен таныстырып: – Алтын сарайда Ақжүніс сұлумен тұрсын, – деп биіне бұйрық
етті. Жиналған жұрт: – Тарғынды Шаған бойын жайлайтын қалмақ жұртын ығыстырып,
бізге жерін тартып әперсін, – деп ханынан өтінді. Тарғын жұрттың өтінішін ханнан есітіп,
өз жанына Қарасай баласы Көбенді, Алшағыр баласы Тегенді, Өмір баласы Себенді алып,
Шағанның бойын жайлаған қалмақты бөтен жаққа ығыстырды. Су жағасында жалғыз
ағаш басына шығып қалмақты қарайды. Ағаш басындағы көлденең шыққан бұтаққа мініп
отырғанда, бұтақ сынып, батыр жерге жығылып, омыртқасы шығып зор қиналды.
Жанындағы жолдастары Тарғынды найзаларына керіп, алдарына өңгеріп, Ханзадаға алып
келді. Ханзада қаншама емдетсе де, Тарғын жазыла алмады. Ханның елі бұрынғы
қалмақтың жайлауы Шаған бойына көшіп барып қонды. «Ақжүніс пен Тарғынды атымен
соңыра келіп алармыз» деп жұртқа тастап кетті. Онда Тарғын тамағы таусылып, ханнан
еш кісі келмеген соң, өз елі есіне түсіп, сарнап жылап, атымен, Ақжүніспен арыздасып
көп жыласты. «Жауға барғанда ағаштан жығылып, не жаудан өлді дер», – деп Тарғын: –
Текке өлгенше, бір жола өлейін, – деп беліне бұрын кісі қолын тигізбесе де, енді қатынына
бастырған екен, сырт етіп орнына түсіпті.
160
Алты құлаш белбеумен
Белін орап буады.
Құдайдан көмек тіледі,
«Аруақ жәрдем болғай» деп,
Таяна барып тұрады.
Тұрмасына ар етіп,