Қазақстанның ашық кітапханасы
3
Ақжүністі қуып, жолында не өлемін, не ар-намыс үшін ханшаны құл Тарғыннан айырам, –
деп артынан қуып кетті. Ол батырдан қорықпады. Бір мезгілде Тарғынның Тарлан аты
жер тебініп, пысқырды. Тарлан дейтін батырдың аты тек қана жау көрсе, не оған
жақындаса пысқырып, кісінейді екен. Тарғын жан-жағына қарап, артында алыстан өздерін
қуып келе жатқан бір жанды көрді.
Мына Тарғын айтыпты, айтқанында не депті:
10
– Ей, Ақжүніс, Ақжүніс!
Ақжүністей жан достым,
Қыз болсаң да жолдасым,
Өзіңменен бір айлас,
Осы жолда мұңдасым.
Мен артыма көз салсам,
Бір нәрсені көремін.
«Бұлай шапсақ қашты» дер,
«Мені көріп састы» дер.
«Кісі қуып жетсін» деп,
20
Оған қарсы бұрылып қарап тұрды.
Томаға көзді, қаспа азбан,
Желдей жалы суылдап,
Құйрығы оның желбіреп,
Қатты шауып келеді.
Алпыс-жетпіс жасы бар,
Тайсалатын жан емес,
Тарғынға қуып жетеді.
Мұны Тарғын көріпті,
Ер екенін біліпті.
30
«Алпыстан асқан жасы» деп,
Оған сәлем беріпті.
Қарсы алдына көз салса,
Көкірегі даладай.
Әлпетіне қараса,
Тастан салған моладай.
Одан Тарғын сұрайды,
Сұрағанда не дейді:
– Ей, қарт аға-ай, қарт аға-ай,
Қаршығаша ұмтылып,
40
Бүркіттерше түйіліп,
Мұншама сен асығып,
Қай сапарға барасың?
Қартың оған жауап береді:
– Төбедегі жұлдыздай,
Бөріктегі құндыздай,
Беті сұлу көрікті,
Әйел де болса серкемді-ай,
Зылиқадай сұлуды
Алып қашып келесің.
50
Жаныма қылыш асамын,
Жасым қарттау болмаса,