Қазақстанның ашық кітапханасы
4
Қаза жетіп өлмесем,
Жаныңдағы жолдасты
Тартып ала келемін.
Сонда Тарғын айтады,
Айтқанында не дейді:
– Қызды тартып алғандай,
Сен кім өзің боласың?!
Сонда қу шал құрғыр сөйлепті,
60
Сөйлегенде не депті:
– Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін
Мен де сендей батырмын.
Аты-жөнімді сұрасаң,
Көп ру Қырым жұртында
Түпкі бабам – Ер Күлік,
Менің әкем – Қоянақ,
Мен – Қоянақ баласы Қарт Қожақ.
Барымтада олжа алған
Таласты жерде теңдік алған
70
Тізесін жауға өткізген,
Торғауыт бұзып жол салған
Қарт Қожақ дейтін батырмын.
Тарғын да жауап береді:
– Жаққан оттай қаулайсың,
Батырлықтан мінсізсің,
Қасқыр да болсаң Жүністі
Қалай тартып аласың?
Онда шалың сөйлейді:
– Құдай маған бұйырса,
80
Көк семсермен шабармын,
Балдағын қанға боярмын.
Осылайша мен етіп,
Қызды тартып алармын.
Бұрынғы рет менікі,
Соңғы рет сенікі.
Шынымен туған ер болсаң,
Майданға, сен, шық енді!
Тарғын бұл шалға рет берсе де, шал қыршындай жас жігітті атып өлтіруге көзі қыймады.
Оның қыршын жасын аяп бір доғал оқпен ғана атып, Тарғынның жанындағы жүз алпыс
кез оғын уатты. Тарғын кезегі жеткен соң, Қарт Қожаққа ұмтылды. Қарт Қожақ айтты: –
Тоқта, мен сені аяғаннан ғана оғыңды уаттым, менің аяғаныма түсінбесең, қызды өз
еркіңмен маған бермесең, тағы қайтадан майданға барып тұр, мен саған ерлігімді
көрсетейін, – деді. Тарғын оны аяғанына түсініп, қызды тастап, өз жөніне жүре берді. Ол
тастап кеткен соң, қыз еңіреп жылады. Қарт айтады: – Мені кемсінесің бе, не қартсынасың
ба? Әкеңнің еткен бұйрығы: «Кім Тарғыннан айырса, соған беремін деген, өлтірсе құнсыз
да» деген. Жылап мазамды кетірсең, осы жерде басыңды қылышпен шабармын, – деді.
Сен маған қара, маған бір жерің жақпаса, мен сені алмаймын, – деді,
Сонда Ақжүніс айтады,
Айтқанында не дейді:
90
– Ей, қарт Қожақ, қарт Қожақ,