Қазақстанның ашық кітапханасы
2
Бабалар сөзі
ЖҮЗ ТОМДЫҚ
ЕР ТАРҒЫН
Баяғыда Тарғын деген бір батыр болыпты. Өз елінде кісі өлтіріп, айыпты болып, жазадан
қорқып, қашып Қырым жұртына келіпті. Ол мезгілде Қырымда қырық хан бар екен.
Олардың ең үлкенінің аты Ақшахан екен. Тарғын Ақшахан елінде тұрды. Ол мұнда
тұрғанына көп мезгіл өтеді. Жұрт оның батыр екенін білмепті. Көптен бері Қырым
халқының бір жауы бар екен. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт дейтін екі хан қол
асты еді. Олалай, Бұлалай атты ноғай, татарда батырлар болды. Олардан елін ала алмаған.
Тарғын елге қонақ боп жүргенде Ақшахан жауына шауып, оның елін қырмаққа аттанды.
Көп мың қол алды. Тарғын да жауды өз қамымен бірге шаппаққа аттанды. «Жүр, аттан»
деп оны хан шақырмапты да. Тарғынның келе жатқанын өздерімен бірге, біреу де
сезбепті. Ешкім оны ескермеген. Ақшаханның көп қолы жеткен соң, Торғауыт елі шың
қағып, барабан соғып, көп мың солдат жиып зор соғыс етті. Сахарада өлген кісі қаны
«бұлақ боп ақты» деп, қорғанды бұзып ала алмай, сыртынан қамап соғыс етті. Тарғын
батыр соғысқа кірмей, тек қана сырттан қарап тұрды. Оған ешкім көз де салмаған.
Ақшахан қолы көп қырылып, еліне қайтпақшы болды. Мұны Тарғын батыр көрді. Тарғын
деген сарбазың ханның қайтарын сезеді. Құдайдан күш сұрайды. Сонда атына мінеді.
Қашқаннан өлген жақсы, «Құдай» деп оны аузына ап, батыр шабады. «Маған жәрдем,
Тәңір» деп ұмтылды батыр атын қамшылап. Сыртта жүрген көп қолға көз салмай Ер
Тарғын ішкі қорғанға кірді шауып. Сырттағы тұрған Ақшахан қолы оның ішкі қорғанға
кіргенін көріп, қаптап шәһарға шауып кірді. Қорғанды бұзды. Жауын жеңіп, еліне қайтып
келген соң, баяғы қорғанды бұзып, шәһарды алған Ер Тарғын батырды іздетіп алдына
шақыртты. Тарғын өзінің руы «қырғыз» екенін ханға баяндады. Хан өз еліне қырғыз
келгеніне таң қалды. Тарғын: – Елімде кісі өлтіріп, айыпты болып, жер ауып, қашып
келдім, – деді. Хан батырдың қашқанына сеніңкіремеді. Тарғын айтты: – Өз елімді қыруға
аядым, – деді. Мұнан соң хан Тарғынды әскербастыққа сайлады. Ол мезгілде ханның бір
қызы бар екен Ақжүніс атты. Өзі өте сұлу болған. Сұлулығы Зылихадан да кем болмаған.
Тарғынның ерлігін күңдері ханшаға баян қып айтысыпты. Оған қыз сыртынан көрмей -ақ
ғашық болып, бір құлды мың теңгеге жалдап, Тарғынды шақыртты. Өзі жігітті күтіп,
алтын терезеден қарап тұрады. Біраздан соң Тарғын батыр терезе тұсына келіп, қызға
хабар салды. Қыз батырды көріп, терезеден үйіне кіргізіп, онымен танысып, алдына неше
түрлі ас тартып, қонақ етіп алты-жеті сағаттай [отырды]. Қыз Тарғын қайтарда оған сырын
айтты: – Елімізде бір Қалмамбет дейтін мырзаны мен байқамай қатадан өлтірдім.
Қалмамбеттен соң, көрген маған лайық жігіт батыр сенсің, – деді. Қай мезгілде
шақырғанымда маған келіп жүріңіз, сізбен бірге қайғы басайын, – деді. Сонан әрмен Ер
Тарғын жасырын Ақжүніс сұлуға келіп жүрді. Бір уақытта Ақжүністі айттыруға хан
жаушы салды. Ақшахан қызынан сұрады: – Мына келген кісіге не деп жауап береміз? –
деп. Қыз жауабын үш күннен соң бермекші болды. Ақжүніс Тарғын батырмен ақылдасып,
оған тимекші боп әкесінен жасырынып, оны Тарғын алып қашпақшы болыпты. Сүйтіп
Ақшаханның бір жүйрік жорғасына қызды мінгізіп, Тарғын алып қашып жөнелді. Үш
күннен соң күңдері ханымға, ханым ханға қызы Ақжүніс сұлудың қашқанын білдіртіпті.
Хан мұны есітіп, «ол біреумен қашқан шығар» деп еліндегі барлық жігітті түгендетіпті.
Тарғыннан басқасы үйінде болыпты. Хан ақсүйек қызының қара қырғыз, туған-туысқаны
жоқ, жалғыз жігітпен қашқанына өте көңілі қалып, намыс етіп, қоластындағылардан: –
Кімде-кім оларды қуып жетіп, жігітті өлтіріп, қызын айырса, соған бермекші болды. Көп
жұрт қумақшы боп, атқа мінісіп аттанады. Жорыққа жүріп шыдамай, арып-ашып қайта
елге тарапты. Бірақ бір қарт шал: – Бозбала ұялмай елге қайтса, мен Тарғын мен