Қазақстанның ашық кітапханасы
30
Буырқанып, бұрсанса,
Мұздай темір құрсанса,
Жыртпай кетпес жағаңды,
Жаңылтар келсе тобаңды.
Шулатпай кетпес балаңды,
Қан етпей кетпес қалаңды.
1140
Бір түбектей бір қылар
Жалпы жатқан далаңды.
Қырым деген ағаңды,
Ағаның ісі жаман-ды.
Сонда хан қызын бермек болып, Сыпыра жырауға айтады: – Біздің шәһарымыздың
ханының да, халқының да өтірігі шықты. Біздің ішімізде тілімізге нанатұғын бір кісіміз
қалмады. Оны нағылып тоқтатамыз. Осы өз қоластыма қараған кісімнен сол Тарғын тіліне
нанатын бір кісі тауып бер, – деді. Сонда Сыпыра жырау айтады:
– Батырдың жіберіңіз артынан
Қызметін қылған бүлініп
Қара ноғай халқынан.
Қасына ерген баяғы
Қарасайұлы Көбенді,
Алшағырұлы Тегенді,
1150
Өмірұлы Себенді.
Аруақты туған ерлердің
Алдаға берген уәдесі бар болар.
Қызмет жасаған қосшының
Тарлық жері тап келсе,
Тілегін бермей кетпен деген-ді.
Бұл үш кісі Тарғынның
Соңынан қуып кетті енді,
Батырға қауып жетті енді.
Етегіне басын салды енді,
1160
Ашуын тілеп алды енді.
Елге қарай жүрді енді,
Ел ішіне кірді енді.
Ханы, халқы жиылып,
Хан ордаға кірісіп,
Бірін-бірі көрді енді.
Бұл Тарғын ханның үйіне келген соң, ханы, халқы жиылып хан өзінің ұятынан һешбір сөз
бастап айта алмады. Һәм Тарғын да ешбір сөз бастамады. Сонда Сыпыра жырау сөйледі,
Тарғын батырға қарап тұрып:
– Ай, батырым, батырым!
Тауда Тарлан ақырса,
Тас інінен бөріні
Ару сұңқар шақырса,
1170
Көгілдірін ертіп,
Көлден қулар ұшар ма?
Әділ туған хандары
Қара берен батырға