Қазақстанның ашық кітапханасы
29
Шаршады Тарлан десек те,
Жер басқаннан озады.
1100
Отырысы нән болып,
Тұла бойы қан болып,
Жүрген жері шаң болып,
Көргендерге таң болып,
Төскейден тұман желеді,
Көңілін жауға бөледі.
Ханзада сынды ханына,
Қара ноғай еліне
Аман-есен келеді,
Бірін-бірі көреді.
1120
Ханы, биі, мырзасы
Иіліп сәлем береді.
Бұл Тарғын жаудың қырғанын қырып, қашырғанын қашырып, аман-есен келіп, Ханзада
ханға көріскен соң, мұның қуанышына ат шаптырып той қылып, арап-шарап ішіп тойдың
қызығымен таңның атқанын, күннің батқанын, халық білмеді. Олай да болса хан қызын
беремін деген уәдесіне тұрып, қызын бермеді. Хан айтты: – Жеті атаңнан бергіңді сұрап
келіп отырсам, қожа менен төреге һешбір шатасқан жерің жоқ екен. Соның үшін саған
қызымды беруге аталарымның аруағынан қорқамын, – деді. Енді бұл он сан Орманбеттің
ішін қыдыр да, һәр қандай сұлу қыз тапсаң да алып берейін, – дейді. Сонда Тарғын айтты:
– Биылғы Бұлғыр таудың ішіне жалғыз тастап кеткеніңнің күнәсін кешіп едім, енді бұл
қызды беремін деп жауыңды қырдырып алып тұрып, қызыңды бермегендігіңді кешпеспін,
– деп, Ақжүністі алды да, Қырымға қарай жүре берді. Сонан соң хан елі бек қатты
қорықты. «Бұл кетіп, қайтып келген соң, бізді жаман қылар» деп малын баға алмады, отын
жаға алмады, ас іше алмады. Ханы, халқы жақын болды, сонда жұрты әбігер тартты. Ол
уақытта жүзден асып жатқан бір Сыпыра жырау деген бар еді. Ол Сыпыра жырау өз
өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді. Жұрт
сасқан соң, ханы, халқы жиылып, Сыпыра жырауға жиылып барды да, Сыпыра жыраудан
сұрады: – Біз Тарғын батырды екі алдадық, әуелі «Бұлғыр тауға жалғыз тастап кетіп,
қайтып келеміз» деп, келмей кеттік, екінші «қызымды беремін» деп жауымызды
қырдырып алып, бермей қалдық, сонан соң ол ашуланып «Қырымдағы қырық
құрдасымды алып, келіп жұртыңды қырамын» деп кетті. Ол өзі Қырымнан қыз алып
қашты, ханына қылмысты болып жүрген кісі еді, ол жұртына барып мұнда қайтып келер
ме, иә болмаса ол бізге өтірік айтып, алдап бізді қорқытып кетті ме? Соны болжап бізге
айтшы, көпті көрген көне едің, һәр не десең сіздің ақылыңызбен боламыз, – деді. Сонда
Сыпыра жырау айтты:
– Хан менен төрем келіпсің,
Би мен мырза отырсың.
Бізге ақыл салсаңыз,
Біздің тілді алсаңыз,
Тарғындайын батырға
Жиылып барып бәріңіз,
Қараң түгіл ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
1130
Батырды еске алыңыз,
Етегіне басың салыңыз!
Егер кетсе еліне,
Тату болып қалыңыз!