Қазақстанның ашық кітапханасы
31
Беремін деп бермеді,
Өтірік сөзден өлмеді.
Бұл сықылды хандары
Бұл сықылды батырды
Жалған сөзбен қысар ма?
Хан мен қара келген соң,
1180
Сіз сықылды батырға
Ашуын бермей кетсе ұқсар ма?
Ай, батырым, батырым,
Сөз айтады алдыңда
Сыпыра жырау пақырың.
Ханы, халқың жиылып
Айтып отыр біздерге.
Құлақ салып тыңдасаң,
Біз айталық сіздерге.
Аруақты туған ер болсаң,
1190
Нағыласың бұл қызды?!
Жас баладай жайдақтап,
Жас тайлақтай ойнақтап,
Шыға берме түздерге!
Мына отырған ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Сый қылады, алыңыз!
Қара лашын береді,
Көлден көлге салсайшы!
Қара арғымақ береді,
1200
Елден елге мінсейші!
Ақ падиша жіберген
Балдағы алтын ақ берен
Мұны сізге береді,
Аш беліңе ілсейші!
Бадана көзді кіреуке
Мұны сізге береді,
Баса келіп кисейші!
Нағыласың бір қызды?
Бес жүз атан береді,
1220
Шағаннан көшсең суытып.
Бес жүз бие береді,
Желеп мұны байлашы!
Нағыласың бір қызды?
Бес жүз ауыл береді,
Өз алдыңа сұлтан боп,
Сүйген жерің жайлашы!
Неше батыр болсаң да,
Алмаймысың бұл сыйды?
Миың болса басыңда,
1230
Айтып тұрмын қасыңда,
Осы жерін бір ойлашы!
Бұл батыр енді райынан қайтып, ханның, халықтың берген сыйын алды. Қара ноғайдың
ханы, халқыменен татуласып табысты да, Жанарыстан үш Тарғын деген тауға барып