Page 3 - БАБАЛАР СӨЗІ. ЕР ТАРҒЫН (ҚАЗАН БАСЫЛЫМЫ)

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
3
Бұл Тарғын қамалға кірген соң, Ақшаханның әскерлері бұның Тарғын екенін танымаса да:
– Е, тәйірі біздің ноғайымыздың бір батыры ғой, – деп, соңынан олар да кірді. Сонан соң
бұлар қамалды бұзып алады, көңілдері ашылды. Ақшахан қуанып еліне қайтты. Елге
келген соң, таранып тыныштанып көңілі қош болған соң, тағында отырып Ақшахан үкім
қылды: – Сол жауды бұзып алған батырды тауып маған алып келіңіз, – деп. Онан соң ол
Тарғын батырды тауып, хан алдына алып келді. Хан оныменен көрісіп, жөнін сұрап: – Сен
кімсің? – дейді. Тарғын айтты: – Мен қырғызбын, – деді. Хан айтты: – Сен қырғыз болсаң,
біздің жұртымызға неге келдің, не жұмысқа келдің? – деп. Онда Тарғын айтады: – Мен
ханымыздың бір жақсы бегін шаһид еттім, онан соң жұртымды тынышсыздады, сол
себептен сіздің қоластыңызға қашып келдім, – деді. Сонда хан айтты: – Сен кешегі жауды
бұзған қайратыңды сені тынышсыздаған жұртыңа көрсетпедің бе? – дегенде, Тарғын
айтады: – Нақақтан өз жұртымды жылатуға шариғат қоспайды, – деді.
Онан соң Ақшахан үкім жүргізіп, Тарғын батырды әскербасы қылды. Бұл батыр
әскербасы болған соң, күні-түні жарақтанып, сақтанып жүрді. Ол уақытта Ақшаханның
бір қызы бар еді.
Шашын дәндерменен тараған,
Бектер мінген бедеудей
Бауырынан жараған.
Бет ажарын қарасаң,
Жазғы түскен сағымдай.
Бет ажарын байқасаң,
Терісінен айырған
Жарма бидай ақ ұндай.
Қасы сарыжадай керілген,
30
Кірпігі оқтай тігілген,
Бұралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген.
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелдегі бір сөзді
Ақжүніс атты ару еді.
Бұ мәрттің мұндай батырлығын, ерлігін, қайратын қарауылшы құлдары, қарауылшы
күңдері Ақжүніс аруға түсіндіріп айтты. Ол бозжігіттің асылын, қайратын есіткен соң,
төзіп тұра алмады, бір құлын шақыртып алып, құлына мың ділдә беріп айтты: – Ділдәні
беріп сенің тіліңді кескенім, – деді, – осында бір қырғыз жұртынан келген Тарғын
дейтұғын бір батыр жігіт бар деп есіттім. Сол жігітті һешкімге білдірмей, маған шақырып
алып келіп жолықтыр, егерде өзіңнен басқа кісіге білдірсең, сенің неше жеріңнен кесіп
өлтіргенімді көр, – деді. Егерде алып келсең, кісі жатпастан бұрын менің мынау ашпалы
алтын тереземнің тұсына алып кел! – деді.
Бұл құл Тарғынға барып жолығып, қыздың айтқан сәлемін айтып, алтын терезенің тұсына
Тарғынды алып келді де, қызға хабар берді. Қыз терезеден Тарғынды үйіне кіргізіп алып,
жөн-жосықтарын сұрасып, ас-су ішкізіп, ойнап-күлісіп алты-жеті сағаттай отырысты.
Онан соң Тарғын қайтпақ болғанда, қыз Тарғынға айтты: – Осы жұртымызда сіздей ерлігі
болмаса да, қырық сан қырымның мырзасы бір Жалмамбет дейтұғын жігіт бар еді, мен сол
жігітпенен ашына едім, сол жігітті өлтірдім. Өлтіргенімнің мәнісі «бір бөтен жігіт екен»
деп, білмей қате өлтірдім. Соның күйігінен ішер астан, ұйқыдан айрылып жатушы едім.
Сол мырзаның қайғысы менен һәркез кетпес еді, бұл уақытта сізді естіп, біліп, шақыртып