Қазақстанның ашық кітапханасы
20
қоластынан бір Тарғын деген батыр келіп омыртқасы сынған соң, қайтып бұйымға аспай
қарға-құсқа жем болып, Бұлғыр таудың бұлағында өліп қалды дер, – деді. Тарғын айтты: –
Ендеше жүр, – деді. Бұл екеуі ел шетіне келіп түсті, елге бармады.
Бұл Тарғын менен Ақжүністің келіп түскенін қойшы, малшы көріп таныды да, елге шауып
барып хабар берді. «Тарғын келді», – деп, ел биге шапты, би ханға шапты. – Тарғын батыр
ел шетіне келіп түсіпті, – деп. Бұл уақытта ханның еліне кешегі Шаған бойынан
Тарғынның қуып жіберген көп қалмақ келіп қамап жатыр екен, «шабамын» деп. Шабамын
десе де, шаба алмай жатыр екен. Шаба алмай жатқаны оның үшін
Ханзада ханның бір сұлу қызы бар екен, «сол қызыңды берсең, шаппаймын, егерде
қызыңды бермесең, шабамын» деп, сол қызды тірі алайын деп шаппай жатыр екен. Әне,
олар олай-бұлай деп өтірікпенен жұбатып жатыр екен. Тарғынның келгенін естіген соң,
ханы, халқы, мырзасы, биі – баршасы жиылып барып көрісті, отырысты. – Айыпқа
бұйырмаңыз, сізге бара алмадық, оның үстіне жұртымызға жау келіп жатыр еді, – деді.
Бұл уақытта өзіміз бек қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен жазылып келдіңіз бе? – деді.
Батыр айтты: – Иншалла, шүкір, келдім, – деді. Хан айтты: – Бұ қалмақты әуелгідей
қырып, қуып бізді бұ жаудан бостан қыл! – деді. Сонда Тарғын айтты: – Менің аз жерде
жауға шабатұғын қуатым жоқ, – деді. Бұ әскер-ләшкердің қашатұғын айласын мен
сіздерге үйретейін, өзіңіз барыңыз сол үйреткен менің айламменен, – деді. Үйреткен
айламды қылсаңыз, өздеріңізден де қашар, – деді. Онда хан айтты: – Ондай шабуға әліңіз
жоқ болса, үйретіңіз! – деді. Сонда Тарғын үйретті. Үйретерде сөйледі:
670
– Ауан, ауан, ауан су,
Ауандап үлкен балық жүзген су.
Қараша құбан қанды су,
Ақ туған бұдан жанды су,
Үш өзен Самар даңды су.
Су болғалы екеуі,
Кәпір менен мұсылман
Ерлеріменен даулы су.
Даулы жерде тұрмаймын,
Мен кетемін, кетемін,
680
Кеткенменен айдалаға кетпеймін,
Айналып Еділді өтемін!
Қадір білмес сен итке
Қарашы болып нетемін?!
Иірімі жоқ суларға
Иірілген шабақ не табар?
Қайрымы жоқ сұлтанға
Ерген нөкер не табар?
Қатын қалса бай табар,
Қарындас қалса ер табар.
690
Талапты туған жігітке
Тәңірім қайғы бермесін!
Алтыннан соққан кеудесі,
Ат басындай шер табар.
Әй, жебір сұлтан, сен білмейсің,
Елден кеткен ер жігіт
Ылғидың құба жонында
Тәңірім жөнін берген соң,
Тарланға мінгесіп жүріп жөн табар!
Мінбей, түспей қарыған,