Қазақстанның ашық кітапханасы
21
700
Арқанда тұрып арыған.
Тарлан жауға мінілмес,
Мінілсе де бұ Тарлан
Бұрынғыдай жүгірмес.
Қалған белім үзіліп,
Балдағы алтын ақ болат
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.
Шығыршығы шираған,
Бадана көзді кіреуке
710
Шарайна бес қабат.
Жау қарысы жетпеген,
Жез айырдың оғы өтпеген.
Сатуға басын сұраған,
Сан ділдаға бітпеген.
Енді үстіме киілмес,
Батыр жауға шүйілмес.
Неге десең, сұлтаным,
Қатып қалған көнім бар,
Шілде түспей жібімес.
720
Қатты қалған көңілім бар,
Май құйсаң да ерімес.
Жебір сұлтан, сен білмейсің,
Мен бір аңқау туған бөрімін.
Көп екен деп саған иек сүйемен,
Нәсібімді бір Тәңірден көрермін.
Бұл барғаннан барармын,
Қырымға таман барармын.
Қырымда қалған қырық құрдас
Қырқын қасқа алармын!
730
Алда маған жол берсе,
Бері қарай сұлтаным,
Сапарланып салармын.
Есен барып, сау келсем,
Домалатып басыңды алармын,
Жұртыңа бүлік салармын!
Тарғын мұны айтты да: – Жаудың қашатұғын айласы осы, кет көзіме көрінбе, – деді.
Тарғынның бұ сөзіне ханы, халқы қорықты. Ханзада хан айтты: – Олай болса райыңыздан
қайтыңыз? – деді. Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз тастап кеткендігімнің ұятынан Ақжүніс
сұлудың үстіне саған жалғыз қызымды берейін, – деді. Жығы жұртымның саған бармаған
айыбы үшін қолыңды бер! – деп, қолын алды. Сонан соң бұ батыр райынан қайтты да,
Ханзада ханның ордасына келді. Бірнеше күнде белінің ауруы бітіп жазылды. Баяғы келіп
жатқан қалмақ Тарғынның келіп жатқанын білмеді. Қызын бермеген соң, атқа мініп,
ханның елін шаппақ болып, барабандарын соғып, ханның үстіне келді.
Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң,
Сар ала туы салбырап,
Сауытытның шашағы
740
Тұс тұсына саудырап,