Қазақстанның ашық кітапханасы
19
Қуантар болғай жүректі.
640
Алып кел, Жүніс, Тарланды!
Алып келді Ақжүніс
Шұбала басып Тарланды.
Арқада тұрған Тарлан да
Хайуан бұ да зарланды.
Алып келді, ер салды,
Оңалмаған енді не қалды?!
Атын ерттеп болған соң, Тарлан атқа екеуі мінгесті. Ақжүніске барша қару-жарағын
асындырды, алдына мінгізіп өзі артына отырып, Ақжүністен ұстатып: – Кеше жұртына
тастап кететұғын ноғайдың еліне қарай жүр, – деді. Ал енді жүрді.
Бір уақыт болғанда,
Бұл Тарланы пысқырды.
Пысқырғанменен қоймады,
650
Және жерді тебінді,
Хайуан бүйтіп не білді?
Сонда Тарғын Ақжүніске айтты: – Әй, Ақжүніс, бұ Тарлан қашаннан бергі менің
жолдасым, хайуан да болса мұның сыры маған белгілі, – деді. Сонда Тарғын Ақжүніске
айтты: – Бұл Тарлан артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді, егерде алқынып
терге бұлғанып шабылатұғын болса, жер тебетұғын еді, һәм бұл екі әдетін бірдей қылды,
жан-жағыңа қарашы, бір кісі келе жатпасын, менің бұрылып қарауға әлім келмейді, – деді,
– менің ауру науқас әлім бар, біз бүйтіп келе жатқанда бір-бір жау болып беймаза етіп
жүрмесін, – деді. Ақжүніс бұлай қарады да: – Һешбір нәрсе көрінбейді, бірақ алдыңғы
жағымызда бір-екі қара көрінеді, – деді. Сонда Тарғын сөйлейді:
– Хақ Тағала Құдайым,
Ақ тарыдай ақтарып,
Шешіп жаздың белімді!
Белім түсіп орнына,
Тағы іздедім кешегі
Тастап кеткен елімді.
Елдің шеті бола ма,
Емескі екі қара көрінді?
660
Сен, Тарланым, пысқырма,
Таудан үлкен күш қылма!
Көрінген қара ел болып,
Ең кірістен жау шапса да,
Бір шығарман теріңді!
Кім үшін сені қинайын,
Бір омыртқам мертігіп,
Жалғыздығым білінді!
Ару, саған ұнаса,
Кел, тапсам қайтер екен жөнімді.
Солай
деді
де,
Тарғын
аттың
басын
тартып
тұрады.
Сонда
Ақжүніс айтады: – Бұлай етпеңіз, беліңнің жазылғандығын білдіріп, бұ тастап кеткен
ноғайдың ішіне барып хан халқына көрініп, жақсысына ой салып, жамандарын қорқытып,
сүйтіп қайтыңыз! – деді. Егерде бармай қайтып кетсеңіз, Қырым халқынан Ақшаханның